Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Аймақ жаңалықтары

ҚАЗАЛЫ АУДАНЫНДА ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛГЕН ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАНДАРДЫҢ ЖАҒДАЙЫНА ЗЕРДЕЛЕУ ЖҮРГІЗІЛДІ

04.02.2026
Бүгін аудан әкімі Алмасбек Есмаханов облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың тапсырмасына сәйкес аудан аумағында соңғы жылдары пайдалануға берілген әлеуметтік нысандарды аралап, олардың қазіргі жай-күйі мен ғимараттардың сапасына зерделеу жүргізді.
Қазалы ауданында соңғы төрт жылдың ішінде барлығы 14 әлеуметтік нысан халық игілігіне берілген. Олардың қатарында спорт кешендері, дәрігерлік амбулаториялар, мәдениет үйлері, мектептер мен балабақшалар бар. Сонымен қатар, қазіргі таңда аудандағы Әйтеке би кенті мен Қожабақы ауылында 2 жаңа спорт кешенінің құрылысы қарқынды жүргізілуде.
Аудан әкімі нысандарды аралау барысында Жанқожа батыр, Бекарыстан би, Майдакөл, Түктібаев ауылдарындағы бірқатар әлеуметтік нысандарды аралап, ғимараттардың ішкі-сыртқы жағдайын, инженерлік желілерінің жұмысын, жылу, жарық, санитарлық талаптардың сақталуын да жеке бақылап шықты.
Зерделеу барысында анықталған бірқатар кемшіліктерге байланысты әлеуметтік нысандардың құрылысын жүргізген мердігер мекемелердің басшыларына барлық ақауларды белгіленген кепілдік міндеттемелер шеңберінде толық қалпына келтіруді ескертті. Сонымен қатар, мекеме басшыларына ғимараттарды күтіп-ұстау, абаттандыру және санитарлық тазалықты сақтау мәселесіне ерекше назар аудару қажеттігін қатаң тапсырды.
Сондай-ақ, пайдалануға берілген нысандардың тек сыртқы келбеті ғана емес, ең алдымен қауіпсіздігі мен қолайлылығы басты назарда болуы тиіс екенін атап өтіп, тұрғындарға сапалы қызмет көрсетуге барлық жағдай жасалуы керектігін жеткізді.
Аталған жұмыстарды жүйелі түрде бақылауға алу аудан әкімінің жауапты орынбасарына жүктеліп, анықталған кемшіліктерді шұғыл түрде, бір апта мерзімде толық қалпына келтіру туралы нақты тапсырма берілді.
Аудан басшысы аталған мәселелер аймақ басшысының тікелей бақылауында екенін жеткізіп, алдағы уақытта да әлеуметтік нысандардың сапасы мен тиімді пайдаланылуы тұрақты бақылауда болатынын айтты.

Оқи отырыңыз...

Түркістан облысында мақта жинау науқаны басталды

10.09.2026

Қазақстанда алты жылда 31 мың шақырым автомобиль жолы қайта жаңғыртылып, жөнделді

10.09.2026

Шығыс Қазақстан облысында балық өңдеу кешені салынады

10.09.2026

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.