Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Жаңалықтар

Түркістан облысында құны 42 млрд теңге болатын өнеркәсіптік жылыжай кешені іске қосылады

04.02.2026
Түркістан облысының Келес ауданында 51 гектар аумақта жылына 25 мың тоннаға дейін қызанақ өндіруге арналған «Ecoculture-Eurasia» өнеркәсіптік жылыжай кешенінің құрылысы жүргізілуде, деп хабарлайды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі.

Жоба өңірдің агроөнеркәсіптік дамуы мен Қазақстанның азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуда зор рөл атқарады.

Жобаның инвестициялық көлемі 42 млрд теңге. Қазіргі уақытта 40 гектарда жылыжай блоктарының металл құрылымдары орнатылып, ішкі және сыртқы желілер жүргізілді, қазандық және қосалқы отын қоймасы салынды. Сегіз жылыжай блогының төртеуі іске қосылды. Сонымен қатар әкімшілік-тұрмыстық кешен және қоймалар құрылысы жүргізіліп жатыр.

Жобаны толық іске қосқаннан кейін 800 жаңа жұмыс орны ашылады, кешен заманауи жабдықтармен қамтамасыз етіледі, ал жылыжайлардың аумағы кезең-кезеңімен 500 гектарға дейін ұлғайтылады. Кешенді 2027 жылы көктемде іске қосу жоспарланған.

2025 жылы Түркістан облысындағы жылыжайлардың жалпы ауданы 75 гектарға артып, 1715 гектарды құрады. Осы жылы 150 мың тоннадан астам көкөніс, 550 тонна банан, 3,2 мың тонна лимон және 13 мың тонна құлпынай өндірілді.

Оқи отырыңыз...

Түркістан облысында мақта жинау науқаны басталды

10.09.2026

Қазақстанда алты жылда 31 мың шақырым автомобиль жолы қайта жаңғыртылып, жөнделді

10.09.2026

Шығыс Қазақстан облысында балық өңдеу кешені салынады

10.09.2026

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.