Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Жаңалықтар

Отандық кәсіпорындардың шартты жер үлестері мәселелері шешімін тапты

30.01.2026
ҚР АШМ Жер ресурстарын басқару комитетінің төрағасы Мұрат Теміржанов ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында шартты жер үлестері мәселесін шешу бағытында қол жеткізілген нақты нәтижелер туралы баяндады.

Спикердің айтуынша, 4 кәсіпорын бойынша сот процестері толық аяқталды. Оның ішінде Жамбыл облысында – 2 кәсіпорын (94 пайшы), Қызылорда облысында – 1 кәсіпорын (250 пайшы), ал Түркістан облысында 1 кәсіпорын (46 пайшы) бойынша мәселелер шешімін тапты. Қарағанды облысында 1 кәсіпорынға қатысты 35 пайшыға жерлер нақты бөлініп берілді. Қызылорда облысында бір кәсіпорынның жаңа басшысы сайланып, жұмыс барысы реттелді. Солтүстік Қазақстан облысында екі кәсіпорынның 440 пайшысына әлеуметтік көмек көрсетілді.

Сонымен қатар Түркістан облысында 1 кәсіпорынның 473 үлескеріне жер пайдалану құқығына актілер рәсімделді. Ал, Ақмола облысында 900 үлескерлердің қатысуымен үшжақты бітімгершілік келісімге қол қойылып, әлеуметтік шиеленісті төмендетуге қол жеткізілді.

«Бұл шаралар жер үлестері иелерінің құқықтарын қорғауға, әлеуметтік тұрақтылықты сақтауға және ауылдық аумақтарда әділдік пен заңдылық қағидатын нығайтуға бағытталған», – деді АШМ өкілі.

Жер беру рәсімін жеңілдету шаралары да қолға алынды. Мәселен, 2025 жылғы 26 тамызда шаруа немесе фермер қожалықтарына уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығын беруге арналған конкурс өткізу қағидаларына өзгерістер енгізілді. Енді конкурстық ұсыныстар міндетті түрде алғашқы 5 жылда 1 гектарға міндетті инвестициялар көлемі, сондай-ақ техниканың, жабдықтың және малдың болуы, ауыл шаруашылығы саласындағы мамандардың біліктілігі үшін қосымша ұпайлар беріледі.

Бұл процес ашық, объективті түрде жүргізіліп, ауыл шаруашылығын дамытуға нақты бағытталады.

Оқи отырыңыз...

Түркістан облысында мақта жинау науқаны басталды

10.09.2026

Қазақстанда алты жылда 31 мың шақырым автомобиль жолы қайта жаңғыртылып, жөнделді

10.09.2026

Шығыс Қазақстан облысында балық өңдеу кешені салынады

10.09.2026

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.