Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Жаңалықтар

Елімізде 9 энергоблок, 55 қазандық және 51 турбина жаңартылады

30.01.2026
ҚР Энергетика министрлігі елдегі энергетикалық инфрақұрылымды жаңғырту бойынша жүйелі жұмысты жалғастыруда. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 2026 жылы ауқымды жөндеу науқандары мен Ұлттық жоба жүзеге асырылады, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

Аталған шаралар барлық өңірлерде жылу және электрмен жабдықтаудың сенімділігін арттыруға бағытталған. Министрлік мәліметінше, жоспарланған жұмыстар энергия нысандарының техникалық әлеуетін жақсартып, тұтынушыларды тұрақты жылу және электр энергиясымен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Ағымдағы жылы елімізде 9 энергоблок, 55 қазандық және 51 турбина жөндеуден өтеді. Нәтижесінде қазақстандық жылу электр орталықтарының тозу деңгейі 61%-дан 59%-ға дейін төмендейді. Жөндеу жұмыстарын жоспарлы әрі кешенді жүргізу стансалардың сенімді жұмысын қамтамасыз етіп, оларды жоғары қауіп аймағынан («қызыл аймақ») кезең-кезеңімен шығаруға жағдай жасайды.

Энергетика саласын жаңғыртуға арналған Ұлттық жоба екінші жыл қатарынан жүзеге асырылып келеді. Бағдарлама 5 жылға жоспарланып, инженерлік инфрақұрылымды ауқымды жаңартуды көздейді.

Жалпы 5 жыл ішінде елімізде 1,6 мың шақырым жылу желісі мен 78 мың шақырым электр желісі жаңартылады. Нәтижесінде 2029 жылға қарай жылу желілерінің тозуын 52%-дан 42%-ға, ал электр желілерінің ескіруін 74%-дан 45%-ға дейін төмендетуге мүмкіндік береді.

Жаңғырту жұмыстары экономиканың және халықтың өсіп келе жатқан қажеттілігін үздіксіз қамтамасыз ете алатын орнықты отын-энергетика кешенін қалыптастыруға бағытталған.

Оқи отырыңыз...

Түркістан облысында мақта жинау науқаны басталды

10.09.2026

Қазақстанда алты жылда 31 мың шақырым автомобиль жолы қайта жаңғыртылып, жөнделді

10.09.2026

Шығыс Қазақстан облысында балық өңдеу кешені салынады

10.09.2026

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.