Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Жаңалықтар

300 мыңнан астам қазақстандық волонтерлікпен айналысады

15.01.2026
Ұлттық волонтерлік желі жүргізген әлеуметтік зерттеу 2025 жылы елімізде волонтерлік қозғалыстың жаңа серпін алғанын көрсетті. Зерттеудің негізгі мақсаты – қоғамның волонтерлік қызметке деген көзқарасын бағалау, оның басым бағыттарын айқындау және азаматтық сектор мен мемлекеттік органдар арасындағы өзара байланыстың қаншалықты тиімді екенін анықтау, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі.

Сауалнамаға Қазақстанның барлық өңірінен 11 мыңнан астам адам қатысып, сонымен қатар волонтерлік ұйымдардың жұмысына кешенді талдау жасалды.

Зерттеу қорытындысы бойынша, Қазақстанда волонтерлік қызмет тұрақты түрде дамып келеді. Қазіргі кезде волонтерлер саны 300 мыңнан асып, іске асырылған жобалар бес есе артқан. Сауалнама нәтижесі халықтың 89%-ы волонтерлік қызмет туралы білетінін және әрбір үшінші азаматтың волонтерлік бастамаларға белсенді түрде қатысатынын айқындады.

Сұранысқа ие бағыттар қатарында әлеуметтік қолдау, қоршаған ортаны қорғау және түрлі іс-шараларды ұйымдастыруға арналған волонтерлік қызметтер аталды. Сонымен қатар «Игі істер марафоны» мен «Жыл волонтері» халықаралық сыйлығы сияқты бастамалар салалық және корпоративтік волонтерліктің дамуына әсері еткені де талқыланды.

Жасалған зерттеу волонтерлік ұйымдардың әлеуметтік мәселелерді шешудегі рөлін анықтап, елдің тұрақты дамуына ықпал ете алатынын көрсетті.

Оқи отырыңыз...

Түркістан облысында мақта жинау науқаны басталды

10.09.2026

Қазақстанда алты жылда 31 мың шақырым автомобиль жолы қайта жаңғыртылып, жөнделді

10.09.2026

Шығыс Қазақстан облысында балық өңдеу кешені салынады

10.09.2026

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.