Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Жаңалықтар

Білім беру ұйымдарында «Заң және тәртіп» құқықтық сауаттылық айлығы басталды

15.01.2026
Қазақстанда «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында «Заң және тәртіп» құқықтық сауаттылық айлығы өтуде. Оған еліміздегі барлық білім беру ұйымдарының оқушылары мен колледж студенттері қатысуда, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігі.

Бұл шара білім алушылар арасында құқықтық мәдениетті көтеру, құқық бұзушылықтардың алдын алу және құқыққа деген құрметті қалыптастыруға бағытталған.

Айлық аясында заң нормаларын түсіндіру, құқық бұзушылықтың салдары туралы ақпараттандыру бағытында білім беру ұйымдарында түрлі кездесулер, дәрістер, дөңгелек үстелдер, тренингтер және өзге де іс-шаралар ұйымдастырылады. Өткізілетін шаралар барысында уәкілетті органдардың өкілдерімен бірге білім алушыларға құқық бұзушылық түрлері мен оған қатысты жауапкершілік туралы кең көлемде түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.

Қоғамда құқықтық тәртіп пен заң үстемдігін нығайту – мемлекеттік саясаттың маңызды бағыттарының бірі. Осы орайда Қазақстан Үкіметі Қоғамда заң және тәртіп идеологиясын ілгерілету жөніндегі 2025-2030 жылдарға арналған тұжырымдаманы бекіткен болатын. Құқықтық сауаттылық айлығы аясында ұйымдастырылатын іс-шаралар тұжырымдамада қарастырылған міндеттердің практикалық іске асуының бір бөлігі болып табылады.

Оқи отырыңыз...

Түркістан облысында мақта жинау науқаны басталды

10.09.2026

Қазақстанда алты жылда 31 мың шақырым автомобиль жолы қайта жаңғыртылып, жөнделді

10.09.2026

Шығыс Қазақстан облысында балық өңдеу кешені салынады

10.09.2026

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.