Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Жаңалықтар

2026 жылы «Ауыл аманаты» жобасына 100 млрд теңге қарастырылған

14.01.2026
Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев министрліктердің, облыс әкімдіктерінің және «Amanat» партиясының қатысуымен өңірлік даму жөніндегі жоба кеңсесінің отырысын өткізді. Отырыста «Ауыл аманаты» жобасын жүзеге асыру бойынша атқарылған жұмыстар туралы, сондай-ақ былтыр қараша айында өткен ауыл әкімдерінің диалог-платформасының қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы берген тапсырмалардың орындалу барысы жөнінде есеп тыңдалды, деп хабарлайды Primeminister.kz.

2025 жылдан бастап «Ауыл аманаты» жобасы жаңа қағидаттар негізінде жүзеге асырылып келде. Қаржыландыру өңірлердің нақты қажеттіліктерін ескере отырып, артық бюрократиялық рәсімдерсіз бөлінуде. Кооперацияны дамыту мен ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеуге баса назар аударылған.

2025 жылы жобаға облыс әкімдіктеріне 50 млрд теңге бөлінді. 2026 жылы республикалық бюджетте жобаны жалғастыруға 100 млрд теңге қарастырылған, оның шамамен 60 млрд теңгесі 600-ге жуық кооперативті қолдауға бағытталмақ.

Отырыста Ақмола облысының Ерейментау ауданында ет кластерін құру жобасын іске қосу перспективаларына ерекше көңіл бөлінді. Жоба өңір үшін маңызды мәнге ие. Осыған байланысты Қанат Бозымбаев мемлекеттік қолдау бағдарламаларын ескере отырып, жобаның экономикалық және ұйымдастырушылық параметрлерін қосымша пысықтауды тапсырды.

Кеңес қорытындысы бойынша Премьер-министрдің орынбасары Ұлттық экономика министрлігіне әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың қызметін қайта пішімдеу жөнінде ұсыныстар дайындауды, сондай-ақ «Ауыл кәсіпкерлігі инфрақұрылымы» бағытын өңірлік стандарттар жүйесіне енгізуді тапсырды.

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-мен бірлесіп, «Ауыл аманаты» жобасы аясында кепілдік беру тетіктерін әзірлеу және тиісті нормативтік-құқықтық актілерге өзгерістер енгізу міндеттелді.

Облыс әкімдіктеріне екі апта мерзімде «Amanat Nesie» ақпараттық жүйесіне барлық өңірлердің толық қосылуын қамтамасыз етіп, ауыл тұрғындарына «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша жеңілдікті несиелер беруді ұйымдастыру тапсырылды.

Оқи отырыңыз...

Түркістан облысында мақта жинау науқаны басталды

10.09.2026

Қазақстанда алты жылда 31 мың шақырым автомобиль жолы қайта жаңғыртылып, жөнделді

10.09.2026

Шығыс Қазақстан облысында балық өңдеу кешені салынады

10.09.2026

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.