Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Аймақ жаңалықтары

АЙМАҚ БАСШЫСЫ «ШИЕЛІ-ТАЙҚОҢЫР» АВТОКӨЛІК ЖОЛЫН ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫМЕН ТАНЫСТЫ

13.01.2026
Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Наурызбай Байқадамов, Руслан Рүстемов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Мұрат Әбенов, Мархабат Жайымбетов, Мұрат Ергешбаев, Қазыбек Иса «Шиелі-Тайқоңыр» автомобиль жолын күрделі жөндеу жұмыстарымен танысты.
Аталған жол учаскесі «Kazatomprom» ұлттық атом компаниясының еншілес мекемесі «KAP Logistics» серіктестігінің қолдауымен жөндеуден өткізілді. Жобаның басты мақсаты – аудан орталығы мен өндірістік нысандар арасындағы көлік қатынасын жақсарту, ауыл тұрғындарының қауіпсіз әрі қолайлы көлік қозғалысына жағдай жасау, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына серпін беру.
Күрделі жөндеуге 2 млрд 555 млн теңге бөлінген. Мердігер мекеме «PK Story Group» серіктестігі қолға алған жолдың ұзындығы 13 шақырым, ені 7 метр. Жөндеу кезінде жол жамылғысы толық жаңартылып, белгілер мен инфрақұрылым қауіпсіздік талаптарына сай орнатылуда.
Аймақ басшысы жауапты сала басшыларына сапаны қатаң бақылауда ұстап, жұмысты белгіленген мерзімде әрі талапқа сай аяқтауды тапсырды.
Айта кетейік, 2022-2025 жылдары 1600 шақырым автомобиль жолдары мен 30 көпір өткелін салуға, күрделі жөндеуге 150 млрд. теңгеден астам қаржы бөлінді. Былтыр жол инфрақұрылымын дамытуға бюджеттен 50 млрд. 605 млн. теңге қаралып, 329 шақырым автомобиль жолдары, көшелер мен көпір өткелдері жөндеуден өтті. Өңірде жақсы жағдайдағы жолдардың үлесі 95 пайызға жетті.

Оқи отырыңыз...

Түркістан облысында мақта жинау науқаны басталды

10.09.2026

Қазақстанда алты жылда 31 мың шақырым автомобиль жолы қайта жаңғыртылып, жөнделді

10.09.2026

Шығыс Қазақстан облысында балық өңдеу кешені салынады

10.09.2026

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.