Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Жаңалықтар

«Қаңтар мен ақпан айында ауыр болады»: белгілі экономист 2026 жылға болжам жасады

05.01.2026

Қазақстандық белгілі экономист, білікті маман Алмас Чукин Digital Business компаниясының бас директоры Виталий Волянюкпен сұхбатында 2026 жылы ел тұрғындары қашан экономикалық жеңілдік сезіне алатыны жөнінде болжам жасады.

Алмас Чукиннің айтуынша, жылдың басында Қазақстан экономикасына бірнеше фактор қатар әсер етеді: Ұлттық банктің жоғары базалық мөлшерлемесі мен жаңа салық бастамалары, соның ішінде ҚҚС-тың 16%-ға дейін өсуі.

«Қаңтар мен ақпан айында ауыр болады»,-дейді сарапшы.

Оның айтуынша, халық пен бизнес жаңа салық жағдайларына біртіндеп үйреніп кетеді.

«Маусым-шілде айларында халық 12% ҚҚС дегеннің не екенін ұмытып қалады. Көрші Ресейде ҚҚС бүгінде 22%. Олар да шамамен біздің деңгейден бастаған, бірнеше жылдан кейін көтерді, ал бизнес жойылып кеткен жоқ. Қазақстан да 16%-мен өмір сүре алады»,-дейді А.тЧукин.

Базалық мөлшерлемені қашан төмендету керек?

Экономистің түсіндіруінше, ҚҚС өзгерісінен кейінгі баға өсімі тұрақты инфляция емес және мұндай жағдайда саясат сақтықпен жүргізілуге тиіс. Оның пікірінше, ақпан айында экономиканы, соның ішінде негізгі мөлшерлемені төмендету арқылы қолдау қажет,

«Осы уақытқа дейін инфляциямен күресу үшін экономиканы «салқын суға» шомылдырсақ, енді ақпаннан бастап шараларды жұмсарту керек. Банк мөлшерлемені түсіріп, несиелер беруі қажет. Экономиканы текке тұншықтырған жоқпыз, жоғары инфляция халыққа қатты әсер етті»,-деп түсіндірді ол.

Уақытша инфляциялық секіріс үрейге себеп емес

Сарапшы бағаның қысқа мерзімді өсуі сөзсіз болатынын, бірақ бұл бір реттік құбылыс екенін ескертті.

«Соңғы екі айда инфляция төмендеді. Иә, ҚҚС-тың өсуі тауар бағасына шамамен 4% қосады, бірақ бұл инфляция дәл 4%-ға өседі деген сөз емес. Орташа есеппен алғанда, оның әсері 1,5-2% шамасында болады»,-деді экономист.

А. Чукиннің айтуынша, экономиканың негізгі қатері — уақытша баға өзгерісі емес, дұрыс емес экономикалық саясат. Ол үкіметке бюджет шығындарын шектен тыс арттырмауды ұсынды, себебі бұл экономикаға қосымша қысым тудырады.

Қорытынды: экономикалық «тыныс» жазда сезіледі

Барлық факторды ескере отырып, Алмас Чукиннің болжауынша, бірнеше айдан кейін қазақстандықтар экономикалық жеңілдік сезіне бастайды. Жыл ортасына қарай халық салықтарға бейімделіп, мемлекет мөлшерлемелерді түзеткен соң, экономика тұрақтанады.

«Жарты жылдан немесе бір жылдан кейін адамдар жоғары ҚҚС туралы ұмытып, экономикалық «тынысты» сезінеді»,-деп өз сөзін қорытындылады сарапшы.

Оқи отырыңыз...

Түркістан облысында мақта жинау науқаны басталды

10.09.2026

Қазақстанда алты жылда 31 мың шақырым автомобиль жолы қайта жаңғыртылып, жөнделді

10.09.2026

Шығыс Қазақстан облысында балық өңдеу кешені салынады

10.09.2026

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.