Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Аймақ жаңалықтары

Павлодар әуежайын реконструкциялау қайтарылған активтер есебінен қаржыландырылады

05.01.2026
Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау және еліміздің көлік-логистикалық әлеуетін дамыту тұжырымдамасын жүзеге асыру шеңберінде Павлодар облысында әуежайды жаңғыртуға кірісіп жатыр. Жоба жасанды ұшу-қону жолағын, бұру-қозғалу жолын, перронды реконструкциялау жұмыстарын қамтиды, деп хабарлайды Primeminister.kz.

Жоба Арнаулы мемлекеттік қор есебінен қаржыландырылады. Үкімет бұл мақсатқа 9,3 млрд теңге бөлді.

Жобаны жүзеге асыру ұшу салмағы бойынша шектеусіз әуе кемелерінің заманауи түрлерін қабылдауға мүмкіндік береді. Павлодардың географиялық орналасуын ескерсек, бұл өңірдің транзиттік әлеуетін арттырады. Инфрақұрылымды жаңарту сонымен бірге, облыстың көлік қолжетімділігін жақсартуға, жолаушылар ағынын арттыруға және іскерлік белсенділікті дамытуға ықпал етеді деп күтілуде.

Жобаның негізгі мақсаты – әуежай параметрлерін халықаралық ICAO стандарттарының талаптарына сәйкестендіру.

Жоспарлы жұмыстың негізгі түрлеріне мыналар жатады:

  • Ұшу-қону жолағын 45 метрден 60 метрге дейін реконструкциялау және кеңейту;
  • Бұру-қозғалу жолы мен перронды жаңарту;
  • Энергиямен жабдықтау жүйесін жаңғырту;
  • Периметрі бойынша жарықпен сигнал беру жабдықтары мен бейнебақылау жүйесін орнату.

Жөндеу жұмыстарын жүргізу және ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету қажеттілігіне байланысты әуежай қызметі өткен жылдың сәуір айынан бері уақытша тоқтатылған. Осы уақытқа дейін әуе айлағы Астана және Алматы бағыттары бойынша тұрақты рейстерге қызмет көрсетті.

Оқи отырыңыз...

Түркістан облысында мақта жинау науқаны басталды

10.09.2026

Қазақстанда алты жылда 31 мың шақырым автомобиль жолы қайта жаңғыртылып, жөнделді

10.09.2026

Шығыс Қазақстан облысында балық өңдеу кешені салынады

10.09.2026

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.