Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Аймақ жаңалықтары

ҚЫЗЫЛОРДАДА ЗАМАНАУИ ЖИҺАЗ ФАБРИКАСЫ АШЫЛДЫ

29.12.2025
Облыс әкімінің орынбасары Ардақ Зебешевтің қатысуымен «Панабек» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі заманауи жиһаз фабрикасының ашылу рәсімі өтті. Оған ардагерлер мен қала тұрғындары қатысты.
«Панабек» ЖШС жиһаз өндірісі саласында 20 жылдан астам уақыттан бері табысты жұмыс істеп келеді. Жоғары сапалы өнімдерімен өңір тұрғындарының сеніміне ие болып, экономиканың дамуына тұрақты үлес қосуда.
Өндіріс қуатын арттыру мақсатында өңірлік инвестициялық орталық арқылы 59 млн теңге жеңілдетілген несие иеленген. Қала аумағынан 1 гектар жер телімін сатып алып, өндіріс процесі толықтай автоматтандырылды. Қазіргі таңда фабрикада жылына 35 мыңға дейін кеңсе, асхана жиһаздары, мектеп парталары , т.б жасалады. Өнімдері тұрғындар арасында жоғары сұранысқа ие. Биыл «Панабек» ЖШС «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік көрме-байқауында «Халыққа арналған үздік тауарлар» номинациясы бойынша жеңімпаз атанды.
Сонымен қатар, «Келешек мектептері» ұлттық жобасымен салынған 5 мектепті сапалы жиһазбен қамтамасыз етті.
Жаңа кәсіпорының іске қосылуы жаңа жұмыс орындарының ашылуына, отандық өнім көлемінің артуына, шағын және орта бизнестің дамуына оң әсерін тигізеді.

Оқи отырыңыз...

Түркістан облысында мақта жинау науқаны басталды

10.09.2026

Қазақстанда алты жылда 31 мың шақырым автомобиль жолы қайта жаңғыртылып, жөнделді

10.09.2026

Шығыс Қазақстан облысында балық өңдеу кешені салынады

10.09.2026

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.