Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Денсаулық

Риддердегі жаңа аурухана: 50 мыңнан астам тұрғын алғаш рет мамандандырылған көмекке қол жеткізе алады

29.12.2025
Риддердің 50 мыңнан астам тұрғыны алғаш рет заманауи медициналық технологияларға және мамандандырылған көмектің кең спектріне қол жеткізе алады. Мұнда мемлекет меншігіне қайтарылған активтердің есебінен ауданы 40 мың шаршы метр аурухана кешені салынды, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігі.

Бұрын Риддердің ауруханалық инфрақұрылымы тозып, адамдар медициналық көмекке облыс орталығына және басқа қалаларға баруға мәжбүр болды. Қазір бұл заманауи көпбейінді медициналық кешен, оның ішінде 200 төсек-орынға дейін кеңейтілген стационар, диагностика мен емдеуден бастап оңалтуға дейінгі қызметтердің толық спектрін ұсынатын ересектер мен балаларға арналған бір ауысымда 500 адамды қабылдайтын емхана орналасқан.

Қала тұрғындары үшін инсульт орталығының, реанимация және қарқынды терапияның, перзентхананың, төрт залға арналған операциялық блоктың, жедел жәрдем қабылдау-диагностикалық бөлімшесінің болуы ерекше мәнге ие.

Аурухана 128 бөлімді КТ, цифрлық рентген жүйелері, маммография, эндоскопиялық және лапароскопиялық жабдықтар, неонаталдық көмек және қарқынды терапия аппараттарын қоса алғанда, ең жаңа жабдықтармен жарақтандырылған.

Жаңа медициналық кешенде 530-дан астам маман жұмыс істейтін болады.

Оқи отырыңыз...

Түркістан облысында мақта жинау науқаны басталды

10.09.2026

Қазақстанда алты жылда 31 мың шақырым автомобиль жолы қайта жаңғыртылып, жөнделді

10.09.2026

Шығыс Қазақстан облысында балық өңдеу кешені салынады

10.09.2026

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.