Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Аймақ жаңалықтары

«Заң мен Тәртіп» қағидасы аясында жастармен еркін кездесу өтті

25.12.2025

И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда политехникалық жоғары колледжінде «Заң және Жастар» тақырыбында еркін форматтағы кездесу ұйымдастырылды.

Шараның басты мақсаты – жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, құқықбұзушылықтың алдын алу, заң талаптарын сақтау мәдениетін қалыптастыру, сондай-ақ жасөспірімдер арасында теріс әрекеттерге жол бермеудің маңыздылығын түсіндіру болды.

Кездесу барысында Қызылорда облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі, полиция капитаны Ахмет Темірхан Асқатұлы жастарға есірткі қылмысының зардаптары мен салдары туралы нақты мысалдар келтіріп, құқықбұзушылықтың алдын алуға шақырды.

Сонымен қатар, Жас отбасылармен жұмыс жасау және әлеуметтік мәселелер бөлімінің басшысы Сұлтан Нұрбол Балтабайұлы жастардың әлеуметтік мәселелері мен құқықтық жауапкершілігі, сонымен қатар отбасылық құндылықтар жөнінде кеңінен тоқталып өтті.

Студенттер тарапынан белсенділік жоғары болды. Олар мамандарға көкейдегі сұрақтарын қойып, құқықтық бағыттағы нақты әрі пайдалы ақпараттарға қол жеткізді.

Мұндай шаралар жас буынның азаматтық жауапкершілігін арттырып, құқықтық мәдениетті қалыптастыруда маңызды рөл атқарады. Кездесу соңында жастар өз ризашылықтарын білдіріп, осындай ақпараттық-түсіндірме жұмыстардың маңыздылығын атап өтті.

 

Оқи отырыңыз...

Түркістан облысында мақта жинау науқаны басталды

10.09.2026

Қазақстанда алты жылда 31 мың шақырым автомобиль жолы қайта жаңғыртылып, жөнделді

10.09.2026

Шығыс Қазақстан облысында балық өңдеу кешені салынады

10.09.2026

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.