Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Аймақ жаңалықтары

Павлодар облысында «Қауіпсіз қала» жобасында ЖИ алгоритмдері қолданылады

19.12.2025
ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихатында Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов «Қауіпсіз қала» жобасы туралы айтып, оны іске асыруға бюджеттен 9 млрд теңге бөлінгенін хабарлады. Аталған жоба жол және қоғамдық қауіпсіздікті күшейтуге, көшедегі қылмыс деңгейін төмендетуге және жол-көлік оқиғаларының санын қысқартуға бағытталған.

«Біз бұл қаржыға бағдарламалық қамтамасыз ету сатып алып жатырмыз деген ақпарат тарады. Алайда біз сервистік модельді таңдадық. Яғни, конкурс жеңімпазы болған компаниядан 3 жыл бойы бейнебақылау қызметі мен сүйемелдеу аламыз. Біз жабдықты сатып алмаймыз. Үш жылдан кейін бұл жабдық бізге өтеусіз негізде беріледі. Бұл модель облысты қажетті бейнебақылау камераларымен қамту үшін әзірленді. Павлодар облысы елдегі тас жолдар мен қиылыстарда бейнебақылау камералары орнатылмаған өңірлердің бірі болды. Бағдарлама іске асырылды, қазір тестілік режимде бейнебақылау жүргізіліп жатыр. Жиі ереже бұзатын көліктерді, іздеуде жүрген адамдарды анықтауға мүмкіндік беретін жасанды интеллект алгоритмдерінің бір бөлігі қолданылады», – деп түсіндірді әкім.

Өңір басшысының айтуынша, жоба 4–5 жыл ішінде өзін-өзі ақтайды, ал жүйе кемінде 10 жыл қызмет етуге тиіс.

«Біздің басты мақсатымыз – жол қозғалысын реттеу, себебі жол-көлік оқиғаларының саны көп тіркелуде. Бұл сандардың артында адамдардың тағдыры тұр», – деді Асайын Байханов.

Оқи отырыңыз...

Түркістан облысында мақта жинау науқаны басталды

10.09.2026

Қазақстанда алты жылда 31 мың шақырым автомобиль жолы қайта жаңғыртылып, жөнделді

10.09.2026

Шығыс Қазақстан облысында балық өңдеу кешені салынады

10.09.2026

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.