Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Жаңалықтар

Соңғы жылдары Қазақстанда ажырасулар саны 16%-ға азайды

03.12.2025
Мәдениет және ақпарат министрлігі Қазақстанның қоғамдық даму институтымен бірлесіп, отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу жөнінде ұлттық баяндама дайындады. Бұл бағытта оң нәтижелерге қол жеткізілді. Әйелдер мен балаларды зорлық-зомбылықтан қорғауға қатысты қабылданған заңнамалық жаңашылдықтар туралы азаматтардың хабардарлығы артқаны байқалады. Сондай-ақ құқық қорғау органдарына жүгіну және полицияға деген сенімнің артқаны атап өтілді. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен дөңгелек үстелде ҚР МАМ жанындағы Жастар және отбасы істері комитеті төрағасының орынбасары Лира Раисова мәлімдеді.

Бұдан бөлек, Министрлік Жоғарғы сот және өңірлердегі отбасылық соттармен бірлесіп «Бақытты отбасы» жобасын іске асыруда. Аталған жоба аясында ерлі-зайыптылар психологтардан, заңгерлерден, медиаторлардан және әлеуметтік қызметкерлерден кеңес алады. Қаралған істердің 37,5%-ы татуласумен аяқталған. 30%-дан астам отбасын сақтап қалу мүмкін болды.

Спикер сондай-ақ соңғы жылдары Қазақстанда ажырасу санының 16%-ға төмендегенін атап өтті.

«Әйелдердің құқықтарын қорғау және балалардың қауіпсіздігі туралы» заң аясында өткен жылы Отбасын қолдау орталықтары заңды мәртебе алды. Бұл – тұрмыстық зорлық-зомбылық белгілерін анықтауда өте маңызды құрал. Отбасын қолдау орталығының деректері мен мобильді топтардың арқасында біз тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілері туралы түрлі ақпарат көздеріне қол жеткізу мүмкіндігіне ие болдық», – деді Лира Раисова.

Жыл сайын Мәдениет және ақпарат министрлігі «Мерейлі отбасы» байқауын өткізеді. Осы жылдар ішінде байқауға 20 мыңнан астам қазақстандық отбасы қатысқан. Спикер Комитеттің дәстүрлі құндылықтарды, азаматтардың адамгершілік-рухани тәрбиесін БАҚ, кино, театр және кітап өнімдері арқылы ілгерілетуге ерекше көңіл бөлетінін айтты.

Оқи отырыңыз...

Түркістан облысында мақта жинау науқаны басталды

10.09.2026

Қазақстанда алты жылда 31 мың шақырым автомобиль жолы қайта жаңғыртылып, жөнделді

10.09.2026

Шығыс Қазақстан облысында балық өңдеу кешені салынады

10.09.2026

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.