Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Басты жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Палестина Мемлекетінің Жоғары судьясын қабылдады

02.12.2025

Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Палестина Мемлекетінің Жоғары судьясы, Президенттің дін істері жөніндегі кеңесшісі Махмұд әл-Хаббашты қабылдады. Мемлекет басшысы мейманға ілтипат білдіре отырып, дипломатиялық қатынас орнаған сәттен бері Қазақстан мен Палестина арасындағы ынтымақтастық достық, өзара қолдау және құрмет сипатында дамып келе жатқанына назар аударды, деп жазады Egemen.kz.

Президенттің айтуынша, Қазақстан Палестинаны халықаралық қауымдастықтың толық мүшесі ретінде тануға бағытталған бастамаларды дәйекті түрде қолдап келеді.

Бұл ретте Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің Таяу Шығыстағы ахуалды дипломатиялық жолмен реттеу, БҰҰ Жарғысы мен халықаралық құқық нормаларына сәйкес «Қос халық үшін екі мемлекет» формуласы негізінде Палестина мемлекетін құру ұстанымын жақтайтынын мәлімдеді.

Махмұд әл-Хаббаш Мемлекет басшысына Палестина Президенті Махмұд Аббас жолдаған хатты табыстады. Сондай-ақ еліміздің Палестина халқына және оның бейбіт әрі жарқын келешекке ұмтылысына ұдайы қолдау көрсеткені үшін ризашылығын жеткізді.

вв

Оның пікірінше, Қазақстан Палестина үшін бауырлас мемлекет саналады. Бұл екіжақты байланыстардан, көпжақты форматтағы, ең алдымен, БҰҰ мен Ислам ынтымақтастығы ұйымы аясындағы қатынастардан көрінеді.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Махмұд Аббасқа ізгі сәлемін жолдап, оны алдағы уақытта Қазақстанға ресми сапармен келуге шақырды.

Оқи отырыңыз...

Мемлекет басшысы «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыповты қабылдады

10.09.2026

Шыңғыс Әрінов Алматы облысының әкімі лауазымына тағайындалды

04.09.2026

Мемлекет басшысы Мәдениет және ақпарат министрі Арман Қырықбаевты қабылдады

04.09.2026

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.