Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Жаңалықтар

«Күз-2024» әскери қызметшілері мыңнан астам білім гранттарын алды

02.12.2025
Қазақстанда Қарулы күштердің беделін арттыруға және жастарды мерзімді қызмет өткеруге ынталандыруға бағытталған жобаны іске асыру жалғасуда. Үш мыңнан астам мемлекеттік білім беру гранты, оның ішінде екі мыңнан астамы – «Көктем-2024», мыңнан астамы – «Күз-2024» әскерге алынып, 2025 жылы қызметін аяқтаған азаматтарға берілді, деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігі.

Әскерден босатылғаннан кейін екі жыл ішінде қазақстандықтар азаматтық және әскери жоғары оқу орындарына ҰБТ тапсырмай ақылы негізде оқуға түсе алады. Одан өзге конкурстық іріктеуден сәтті өткен Sarbaz 2.0 жобасына қатысушылар үшін мемлекет есебінен жоғары білім алу мүмкіндігі қарастырылған.

Гранттарды бөлудің ашықтығын Sarbaz 2.0 ақпараттық жүйесі қамтамасыз етеді. Мұнда жауынгерлік даярлық көрсеткіштері, тәртіп және әрбір әскери қызметшінің тестілеу нәтижелері тіркеледі. Іріктеу нәтижелері платформада жарияланады және бұл қатысушыларға деректерін өз бетінше тексеруге мүмкіндік береді.

2025 жылдан бастап мемлекеттік грант иегерлеріне қосымша стипендия, жатақхана және әскери кафедрада конкурстан тыс оқыту сияқты жеңілдіктер беріледі. Бұл офицерлік қызметке жол ашады.

Жоба іске қосылған 2023 жылдан бері мерзімді қызметтен өткен азаматтарға 9 мыңнан астам білім беру гранты бөлінді.

Оқи отырыңыз...

Түркістан облысында мақта жинау науқаны басталды

10.09.2026

Қазақстанда алты жылда 31 мың шақырым автомобиль жолы қайта жаңғыртылып, жөнделді

10.09.2026

Шығыс Қазақстан облысында балық өңдеу кешені салынады

10.09.2026

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.