Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Аймақ жаңалықтары

«ЖОЛ КАРТАСЫ» — ЖАРҚЫН ЖОБАЛАР ЖЕТЕКШІСІ

30.11.2025
Бүгін «AMANAT» партиясы қалалық филиалының депутаттық фракциясының кезекті отырысы өтті. Онда 2023–2027 жылдарға арналған «Халықпен бірге!» атты партияның сайлауалды бағдарламасы негізіндегі Жол картасының орындалу барысы қаралды. Жиынға қала әкімі Нұржан Ахатов, партия филиалының төрағасы Ибадулла Құттықожаев, Саяси кеңес бюросы мен фракция мүшелері қатысты. Күн тәртібіне қойылған мәселе бойынша қала әкімі Нұржан Сәбитұлы баяндама жасады.
– Ауқымды шаруалардың жүзеге асуына «Amanat» партиясының арқауы жетерлік. Партияның бекіткен сайлауалды бағдарламасының 5 бағытын орындауда біз тиісті межеге жетіп келеміз.
Облыс әкімінің қолдауымен соңғы үш жылда бой көтерген озық үлгідегі әлеуметтік нысандар, халық сұранысына сай ашылған кәсіпорындар, өңір әлеуетін арттырар ірі инвестициялық жобалар туған өлкеміздің дамуына тың серпін берді.
Ал, «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасының игілігімен Қызылорда еліміздегі ең таза қалаға айналып, тұрғындарымыздың тазалық этикасы мен ортақ мүддеге жанашырлық көзқарасы қалыптасты, – деді шаһар басшысы.
Фракция отырысында қала әкімі Жол картасы аясында орындалуы тиіс негізгі іс-шаралардың толықтай атқарылатынын, бұл бағыттағы жұмыстардың жалғаса беретінін жеткізді.
Фракция мүшелері өңірлік сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі Жол картасының орындалуы бойынша бірқатар ұсыныстарын айтып, оған нақты жауаптар алды.

Оқи отырыңыз...

Түркістан облысында мақта жинау науқаны басталды

10.09.2026

Қазақстанда алты жылда 31 мың шақырым автомобиль жолы қайта жаңғыртылып, жөнделді

10.09.2026

Шығыс Қазақстан облысында балық өңдеу кешені салынады

10.09.2026

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.