Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Жаңалықтар

ҚР Энергетика министрлігі: қоймаларда 5,6 млн тонна көмір жиналды

27.11.2025
Қазіргі жылыту маусымы тұрақты өтіп жатыр. Туындаған технологиялық ақаулар белгіленген нормативтік мерзімдерде жойылуда. Биыл электр станцияларында 10 энергоблок, 63 қазандық және 39 турбинаны жөндеу жоспарланған. Бүгінгі күнге дейін 9 энергоблок, 56 қазандық және 37 турбинаны жөндеу аяқталды – бұл жылдық жоспардың шамамен 95%-ын құрайды. Бұл туралы ҚР Энергетика министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитеті төрағасының м.а. Илья Рожков ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында хабарлады.

Спикердің айтуынша, 17 мың шақырым электр өткізу желілері және 420 қосалқы станция жөнделді. Барлық жұмыс бекітілген кестеге сәйкес жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ 323 шақырым жылу желісі қайта жөнделді.

«Жанармай қорына келетін болсақ, қоймалар мен энергия көздерінде 5,6 млн тонна көмір және 148 мың тонна мазут жиналды, бұл өткен жылғы көрсеткішке сәйкес келеді. Барлық энергия көздерінде нормативтік отын қоры сақталған», – деді Илья Рожков.

Ол атап өткендей, Министрлік жыл сайын әкімдік өтінімдері бойынша әлеуметтік мазут жеткізу кестесін бекітеді. Биылғы жылыту маусымында өңірлерге 257 мың тонна мазут қарастырылған, жеткізу бекітілген кесте бойынша қатаң түрде жүзеге асырылып жатыр.

Министірлік тұрақты түрде көмірмен қамтамасыз ету бойынша республикалық штаб отырыстарын өткізіп келеді. Отырысқа әкімдіктер, ҚТЖ және көмір өндіруші кәсіпорындар қатысады.

«Басты міндет – өңірлерде көмірге қатысты орынсыз ажиотажға жол бермеу. Биылғы жылыту маусымына тұрғындардың коммуналдық және тұрмыстық қажеттілігіне 7,4 млн тонна көмір қажет. Бүгінгі таңда оның шамамен 86%-ы, яғни 6,4 млн тоннасы дайындалды. Энергетика министрлігі орталық және жергілікті атқарушы органдармен бірге күз-қыс маусымының тұрақты өтуін қамтамасыз етуді жалғастырады», – деді спикер.

Оқи отырыңыз...

Түркістан облысында мақта жинау науқаны басталды

10.09.2026

Қазақстанда алты жылда 31 мың шақырым автомобиль жолы қайта жаңғыртылып, жөнделді

10.09.2026

Шығыс Қазақстан облысында балық өңдеу кешені салынады

10.09.2026

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.