Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Жаңалықтар

ҚР ТЖМ жылыту маусымы кезеңінде өрттің алдын алу бойынша күшейтілген жұмысты жалғастыруда

27.11.2025
Профилактикалық іс-шаралар жылыту маусымы басталғанға дейін алдын ала жүргізілді. Бұл жұмыстың басты мақсаты –тұрғын үй секторындағы өрттердің санын азайту және адам өліміне жол бермеу. Республикалық өрт қауіпсіздігі профилактикалық айлығы аяқталды. Оның аясында жергілікті атқарушы органдардың, волонтерлердің, бұқаралық ақпарат құралдар мен жұртшылықтың қатысуымен ауқымды жұмыс ұйымдастырылды. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы Ерлан Төрегелдиев ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында айтты.

Оның хабарлауынша, мамандар рейдтер, нұсқаулар, интерактивті іс-шаралар, практикалық жаттығулар өткізіп, халыққа көмек көрсетті.

«Халықтың әлеуметтік осал топтарының 108 мың тұрғын үй, сондай-ақ 225  мыңнан астам көпбалалы отбасы ТЖМ есебінде тұр. Оларға жылыту және электр жүйелерін жарамды күйге келтіру, түтін мұржаларын күйеден тазарту және басқа да профилактикалық көмек көрсетілді. Рейд барысында 89 мыңнан астам үй өртке қауіпсіз жағдайға келтірілді. Әкімдіктермен және волонтерлермен бірлесіп, тұрғын үйлерде газ бен түтін датчиктерін орнату бойынша жұмыстар белсенді жүргізілуде. Биыл 31 мыңнан астам датчик орнатылды», – деді спикер.

Балаларға өрт қауіпсіздігі ережелерін үйретуге де ерекше назар аударылады. Балабақшалар мен мектептерде интерактивті сабақтар, практикалық жаттығулар өткізіледі. Мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін Брайль шрифтіне бейімделген арнайы жаднамалар әзірленді. Өткізіліп жатқан іс-шаралар өзінің тиімділігін көрсетуде.

Биылғы жылыту кезеңінде тұрғын үй секторындағы өрттер санының азаюы, сондай-ақ қаза болғандар мен жарақат алғандар санының азаюы тіркелді. Пешті пайдалану кезінде улы газбен уланудан қаза болу және жарақат алу жағдайларының төмендегені байқалады.

Айта кетерлігі, 2025 жылдың 10 маусымында Төтенше жағдайлар министрлігі өрт қауіпсіздігі ережелеріне өзгерістер енгізді. Оған сәйкес жеке тұрғын үйлердің тұрғын үй-жайлары автономды өрт датчиктерімен міндетті түрде жабдықталуға тиіс.

«Жылыту маусымы енді ғана басталды. Алда әлі бірнеше суық ай бар. Төтенше жағдайлар министрлігі маусым бойы профилактикалық жұмысты жалғастырады және барлық азаматтарды жауапкершілік танытып, өрт қауіпсіздігі шараларын сақтауға шақырады», – деп ескертті Комитет төрағасы.

Оқи отырыңыз...

Түркістан облысында мақта жинау науқаны басталды

10.09.2026

Қазақстанда алты жылда 31 мың шақырым автомобиль жолы қайта жаңғыртылып, жөнделді

10.09.2026

Шығыс Қазақстан облысында балық өңдеу кешені салынады

10.09.2026

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.