Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Аймақ жаңалықтары

ТІЛ ЗАҢНАМАСЫН САҚТАУ — БАРШАҒА ОРТАҚ МІНДЕТ

27.11.2025

Құрметті кәсіпкерлер мен қала тұрғындары!

«Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңның 21-бабына сәйкес, деректемелер мен көрнекі ақпарат мемлекеттік тілде, қажет болған жағдайда орыс тілінде және (немесе) басқа тілдерде орналастырылуы тиіс.

Көрнекі ақпарат мәтіндерінің орналасу тәртібі заңмен нақты белгіленген:

🔹Мемлекеттік тілдегі мәтін – сол жақта немесе жоғарыда;

🔹Орыс тіліндегі мәтін – оң жақта немесе төменгі бөлікте;

🔹Екі тілдегі мәтін де бірдей өлшемдегі әріптермен жазылуы керек.

Қажет болған жағдайда өзге тілдерге аударуға болады, алайда қаріп өлшемі нормативтік талаптардан аспауы тиіс.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 729-бабына сәйкес тіл заңнамасының сақталуын бақылау және әкімшілік шаралар қолдану өкілеттігі жергілікті атқарушы органдардың тілдерді дамыту бөлімдеріне жүктелген.

Осыған орай, қаладағы барлық кәсіпкерлерді заң талаптарын сақтауға шақырамыз.

Мемлекеттік емес ұйымдар маңдайша, жарнама, хабарлама, прейскурант, баға көрсеткіші, ас мәзірі, нұсқағыш және өзге де көрнекі ақпаратты орналастырмас бұрын қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінен тегін кеңес алуға болады.

Қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің байланыс нөмірі

📞 Байланыс: 27-77-55

Мекен жайы: Қызылорда қаласы, Қазыбек би көшесі, 21 (А. Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінің 2-ші қабаты)

Оқи отырыңыз...

Түркістан облысында мақта жинау науқаны басталды

10.09.2026

Қазақстанда алты жылда 31 мың шақырым автомобиль жолы қайта жаңғыртылып, жөнделді

10.09.2026

Шығыс Қазақстан облысында балық өңдеу кешені салынады

10.09.2026

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.