Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Қоғам

Желтоқсан рухы – ұрпаққа ұлағат

25.11.2025

1986 жылғы Желтоқсан көтерілісі – қазақ халқының жаңғыру жолындағы ең аңызға толы, ең ауыр әрі ең асқақ беттердің бірі. Бұл оқиға ұлт намысын оятқан, тәуелсіздікке бастар ұлы жолдың алғашқы қадамдарының бірі болғаны тарихтан белгілі. Желтоқсанның қақаған аязына қарамай, алаңға шыққан жастар әділетсіздікке қарсы бас көтеріп, ел еркіндігі үшін күресті. Олар отаншылдықтың, қайсарлықтың үлгісін көрсетті. Сол күндердің жалыны бүгінде жаңа буынның бойында ұлтқа деген сүйіспеншілік болып жалғасып келеді.

Осы мақсатта биыл Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының қолдауымен Алматы қаласының 5 оқу орнында Желтоқсан көтерілісіне қатысқан ардагерлермен тағылымды кездесулер ұйымдастырылды. Кездесулердің басты мақсаты — тарихты тек кітаптан емес, сол сәттердің куәгерлері мен қатысушыларынан тыңдап, олардың жүректен шыққан шынайы әңгімелері арқылы ұрпақ бойына патриоттық сезім ұялату.

Кездесу кештері Алматы қаржы-экономикалық колледжі, Л.Б.Гончаров атындағы Қазақ автомобиль-жол институты, Шет тілдер педагогикалық колледжі, Алматы заң колледжі, Еуразиялық техникалық колледжінде өтті.

Әр оқу орнында өткен шаралар мазмұнға бай, тарихи тағылымға толы болды. Студенттер Желтоқсан күндерінің шынайы бет-бейнесін бұрынғыдан да терең түсініп, еркіндікке оңай қол жетпегенін жүректерімен сезінді. Кездесуге Жүрсін Тастекеев, Несіпкүл Шөкей, Бегежанов Нұридин, Шора Қарабаев, Майгүл Алтынбекова, Болат Құрымбаев, Нұргүл Сақпанова, Аманғазы Кәріпжанәулеті, Мейіргүл Қазыбаева, Нұржамал Әшімхан секілді ел құрметіне бөленген азаматтар қатысты.

Қонақтар сол бір желтоқсан күндеріндегі оқиғаларды, алаңдағы қиындықтарды, студенттердің бір-бірін демеп, намыс пен рухқа сүйенген күресін тебірене еске алды. Әрқайсысының тағдыры – бір-бір деректі хикая, бір-бір өмірлік сабақ.

Желтоқсан қаһармандарының ерлігі – ұрпақ жадында.

«Social project management» орталығы

Оқи отырыңыз...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Құрылтай сайлауы қарсаңында үндеу жасады

23.08.2026

Қазақстанда Құрылтай есімді 10 адам тұрады

21.08.2026

Қызылордада интернет-алаяқтықтың алдын алу шаралары күшейтілуде

13.08.2026

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.