Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Жаңалықтар

Ресейден 20 тонна құс етін заңсыз әкелмек болған

17.11.2025

Фото ЖИ көмегімен жасалды

Ел аумағына өтетін «Сырым» ветеринариялық бақылау бекетінде ірі көлемдегі құс етін заңсыз әкелу әрекетінің жолы кесілді.

Ресей Федерациясының Самара облысынан Қызылорда облысына бет алған жүк көлігі міндетті тексеру үшін тоқтатылған. Жіті тексеру кезінде жүкте құжаттары талапқа сай келмейтін 20 тонна құс еті бар екені анықталды.

Мәселен, аталған өнімді шығарған кәсіпорын ЕАЭО реестріне кіретін және Қазақстан аумағына жануарлардан алынатын өнімді экспорттауға рұқсат берілген ұйымдар тізімінде жоқ болып шықты.

Ветеринариялық-санитариялық талаптардың бұзылуына байланысты жүк көлігі өнім жөнелтілген елге кері қайтарылды. Көлік жүргізушісіне әкімшілік хаттама толтырылып, айыппұл салынды.

Жыл басынан бері Батыс Қазақстан облысы аумағында ветеринариялық заңнаманы бұзудың 204 фактісі анықталды. Тексерістер нәтижесінде 204 көлік кері қайтарылып, 130 әкімшілік хаттама рәсімделді. Салынған айыппұлдардың жалпы сомасы 11 млн теңгеден асады.

Абзал МАҚАШ

Оқи отырыңыз...

Түркістан облысында мақта жинау науқаны басталды

10.09.2026

Қазақстанда алты жылда 31 мың шақырым автомобиль жолы қайта жаңғыртылып, жөнделді

10.09.2026

Шығыс Қазақстан облысында балық өңдеу кешені салынады

10.09.2026

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.