Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Жаңалықтар

Польша Қазақстанмен агроөнім саудасын арттыруға қызығушылық танытты

17.11.2025

Фото: gov.kz

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалин Польша Республикасының Ауыл шаруашылығы және ауылдық аумақтарды дамыту министрлігінің Мемлекеттік хатшысы Яцек Чернякпен кездесті, деп жазады Egemen.kz.

Поляк делегациясының құрамына Польшаның Бас ветеринариялық дәрігері Павел Мейер, Ұлттық ауыл шаруашылығын қолдау орталығының бас директоры Хенрык Юзеф Смолаж және тиісті ведомстволардың басқа да өкілдер болды. Қазақстан тарапынан кездесуге ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің қызметкерлері қатысты.

Келіссөз барысында тараптар ветеринария саласындағы және жануарлардан алынатын өнімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы ықпалдастық мәселелерін талқылады. Әсіресе, қазақстандық және поляк кәсіпорындарында инспекциялар жүргізу, өңірлендіру қағидатын қолдану, сондай-ақ ауыл шаруашылығы өнімдерінің импорты мен транзитіне қатысты қолданыстағы шектеулерге баса назар аударылды.

польша

Аманғали Бердалин екі ел арасындағы әріптестікті нығайтудың маңыздылығын атап өтті:

«Қазақстан Польша тарапымен ветеринариялық бақылау және аграрлық сауда бағытында ынтымақтастықты күшейтуге мүдделі. Біз сындарлы диалогқа, тәжірибе алмасуға және рәсімдердің ашықтығын арттыруға дайынбыз. Бұл жануарлардан алынатын өнімдердің жоғары деңгейдегі қауіпсіздігін бірлесе қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», деді вице-министр.

Яцек Черняк өз кезегінде Польша өнімдерінің қазақстандық нарыққа қолжетімділігін кеңейтуге көңіл бөліп, эпизоотиялық ахуал бойынша өзекті ақпараттарды ұсыну маңыздылығына тоқталды.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар өзара іс-қимылды жалғастыруға, ақпарат алмасуды күшейтуге және ветеринария мен жануарлардан алынатын өнімдердің қауіпсіздігі саласында екі мемлекеттің құзыретті органдары арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға дайын екендерін жеткізді.

Оқи отырыңыз...

Түркістан облысында мақта жинау науқаны басталды

10.09.2026

Қазақстанда алты жылда 31 мың шақырым автомобиль жолы қайта жаңғыртылып, жөнделді

10.09.2026

Шығыс Қазақстан облысында балық өңдеу кешені салынады

10.09.2026

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.