Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Аймақ жаңалықтары

Еңбек нарығына сұранысқа сай мамандар даярлау – басты мақсат

17.11.2025

Жалағаш индустриалды-аграрлық колледжі заман талабына сай кәсіби мамандар даярлауда жүйелі жұмыстар жүргізіп келеді. Колледж АШМ 24/1 топ  студенттері қазіргі таңда әлеуметтік серіктестік аясында “Таң LTD” ЖШС кәсіпорнында дуалды оқыту жүйесімен өндірістік тәжірибеден өтуде.

Дуалды оқыту – білім мен тәжірибені ұштастырудың тиімді тәсілі. Бұл жүйе арқылы студенттер теориялық білімін нақты өндіріс орнында бекітіп, кәсіби дағдыларын жетілдіреді.

Колледждің ауыл шаруашылығын механикаландыру, электрмен жабдықтау, тамақтандыруды ұйымдастыру, дәнекерлеу ісі және басқа да бағыттарында оқитын студенттер еңбек нарығында сұранысқа ие білікті маман болуға мүмкіндік алуда.

Мақсат – жастарды заманауи технологиямен жұмыс істей алатын, өз ісінің шебері ретінде қалыптастыру.

“Таң LTD” ЖШС және басқа да серіктес кәсіпорындармен тығыз байланыс – студенттердің жұмысқа орналасуына жол ашады.

Жұмысшы мамандық – жыл таңдауы!

Қазіргі қоғамда жұмысшы мамандықтарының маңызы артып келеді. Өндіріс, ауыл шаруашылығы, құрылыс, электр және қызмет көрсету салаларында білікті кадрларға сұраныс жоғары. Осы орайда Жалағаш индустриалды-аграрлық колледжі еңбек нарығының талаптарына сай, ел дамуына үлес қосатын нағыз кәсіби мамандар даярлауды жалғастыруда.

Жұмысшы мамандық – елдің тірегі, еңбектің мерейі!

Оқи отырыңыз...

Түркістан облысында мақта жинау науқаны басталды

10.09.2026

Қазақстанда алты жылда 31 мың шақырым автомобиль жолы қайта жаңғыртылып, жөнделді

10.09.2026

Шығыс Қазақстан облысында балық өңдеу кешені салынады

10.09.2026

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.