Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Аймақ жаңалықтары

Қарағанды облысында 4-санатты UEFA стадионы салынады

12.11.2025
Қарағанды облысында үш саланы – спорт, мәдениет және білім беруді біріктірген балаларға қосымша білім беруге бірыңғай мемлекеттік тапсырысты орналастыру жөніндегі пилоттық жоба шеңберінде 14 мыңға жуық бала ваучерлік қаржыландыру бағдарламасымен қамтылып, спортпен шұғылдануға мүмкіндік алды. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихатында Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев мәлімдеді.

Оның айтуынша, өңірдегі спорт нысандарымен қамтамасыз ету 67,2%-ды құрады.

«Қарағандыда заманауи спорт кластерін құрып жатырмыз. 72 га аумақта 4-санатты UEFA стадионы және балалар мен жасөспірімдер және кәсіби спортты дамыту үшін бірнеше нысан саламыз. Жобаны іске асырудағы алғашқы қадам Футбол академиясының құрылысы болды. Сондай-ақ облыс бойынша 8 спорт нысанын салып жатырмыз», – деді спикер.

Әкім экологиялық жағдайды жақсарту үшін қабылданып жатқан шаралар туралы да айтып берді.

Оның хабарлауынша, облыс тұрғындары үшін Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» бастамасы маңызды.

«Облыс бойынша 90 мың тонна қоқыс жиналды. 5 мың аула аумағы, 147 саябақ, 700 әлеуметтік нысан тазартылды. 60 мың ағаш отырғызылды. Балқашта қатты тұрмыстық қалдықтар полигонының құрылысы аяқталды. Абай қаласындағы тағы бір осындай полигонның құрылысын аяқтаймыз. Сондай-ақ тағы 4 полигон салу бойынша құжаттама әзірленуде», – деді спикер.

Оқи отырыңыз...

Түркістан облысында мақта жинау науқаны басталды

10.09.2026

Қазақстанда алты жылда 31 мың шақырым автомобиль жолы қайта жаңғыртылып, жөнделді

10.09.2026

Шығыс Қазақстан облысында балық өңдеу кешені салынады

10.09.2026

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.