Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Жаңалықтар

Қазақстандық білім беру жобасы HundrED Global Collection – 2026 үздік инновациялық тәжірибелер тізіміне енді

12.11.2025
Қазақстанның ауылдағы мектептерді дамыту тәжірибесі HundrED Global Collection 2026 халықаралық рейтингінің негізгі тізіміне енді. Бұл тізім әлемде іске асыруға ұсынылған 100 үздік білім беру инновациясын қамтиды. Іріктеуді Финляндиядағы HundrED үкіметтік емес ұйымы өткізді, оған 800-ден астам өтінім берілген, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігі.

Қазақстанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен орта білім беру ұйымдарында білім сапасын арттыру, барлық бала үшін тең әрі қолжетімді білім беру ортасын құру бойынша кешенді жұмыстар жүргізілуде. 2023–2024 оқу жылдары Ақтөбе облысында Оқу-ағарту министрлігі мен облыс әкімдігінің қолдауымен «Шағын жинақты мектептердің әлеуетін цифрлық технологияларды пайдалана отырып дамыту» жобасы іске қосылған болатын. Жобаны Білім беру саласын тұрақты дамыту қоры жүзеге асырды.

Пилоттық жобаға өңірден 134 шағын жинақты мектеп, 12 тірек мектеп қатысып, онда барлығы 10395 оқушы қамтылды. Сондай-ақ 1000-нан астам мұғалімнің қатысуымен шағын жинақты мектеп оқушылары үшін 12 000 онлайн сабақ ұйымдастырылды.

Оны қаржыландыруға Ақтөбе облысының әкімдігі, Қазақстан халқына қоры қатысты. «Қазақстан халқына» қоры арқылы шағын жинақты мектептердің материалдық-техникалық жарақтандырылуына 2,063 млрд теңге, сондай-ақ Ақтөбе облысының әкімдігі арқылы кабинеттерді жөндеу, жоғары жылдамдықтағы интернетпен қамтамасыз ету және мұғалімдерге ынталандыру төлемдері үшін 2 млрд теңгеге жуық қаражат жұмсалған.

Өңірлерге жұмыс сапары кезінде оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова шалғай ауылдардағы шағын жинақты мектептерде болып, ондағы оқу процесін ұйымдастыру, техникалық жарақтандыру, педагогтермен қамтамасыз ету мәселесіне ерекше басымдық беруде.

Оқи отырыңыз...

Түркістан облысында мақта жинау науқаны басталды

10.09.2026

Қазақстанда алты жылда 31 мың шақырым автомобиль жолы қайта жаңғыртылып, жөнделді

10.09.2026

Шығыс Қазақстан облысында балық өңдеу кешені салынады

10.09.2026

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.