Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Аймақ жаңалықтары

Абай облысының бюджеті 500 млрд теңгеден асты

11.11.2025
Биылғы 9 айдың қорытындысы бойынша Абай облысының әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің оң өсімі сақталды. Көлік саласында 123,4%, байланыста – 106,4%, өңдеу өнеркәсібінде – 101,3%, ішкі саудада – 105,9%, ауыл шаруашылығында – 102,8%, инвестицияда – 103,1% өсім тіркелді. 10 айда мемлекеттік бюджетке облыстан 137,3% өсіммен 441,4 млрд теңге салық пен басқа да міндетті төлемдер түсті. Оның 71,7% – республикалық, 28,3% жергілікті бюджетке түсті. Облыс құрылғанда бюджет көлемі 251,3 млрд теңге болса, қазір 2 есеге өсіп отыр. Облыс бюджетінің көлемі биыл 500,9 млрд теңгені құрады. Бюджеттің 45,4%-ы немесе 227,3 млрд теңгесі әлеуметтік салаға бағытталған. Бұл туралы Абай облысының әкімі Берік Уәли ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында хабарлады.

Оның айтуынша, өңірдің тарихи әлеуетін, тың мүмкіндіктері мен көлік-логистика саласындағы потенциалын ескеріп, облыс экономикасын әртараптандыру мақсатында талдау жасалды.

«Облыс дамуының кешенді негізгі бағыттары айқындалып, биыл 17 мамыр күні жергілікті тұрғындарды Өңірдің кешенді даму жоспарымен таныстырдық. Даму жоспарының негізгі бағыттары мыналар: Семей қаласының инфрақұрылымын дамыту үшін якорлық жоба ретінде жаңа шағын аудан құрылысын салу; инвесторларға жағдай жасау, экономиканы әртараптандыру және экономикалық өсімді арттыру үшін индустриалдық аймақтың көлемін ұлғайту; туризмді дамыту; ауыл шаруашылығын дамыту. Бұл – аймақ үшін үлкен бетбұрыс, жүйелі жоспар және межелі міндет», – деді спикер.

Өңірде бизнесті қолдау және инвестиция тарту шаралары қабылданып жатыр. Жыл басынан бері іске асырылып жатқан жобалар саны 29-дан 97-ге дейін артты, ал тартылатын инвестициялар көлемі 2,2 трлн теңгеден 3,5 трлн теңгеге дейін өсті. Олардың ішіндегі 50 жоба Ұлттық цифрлық инвестициялық платформаға енгізілген. Ірі инвестициялық жобалардың бірі – көлемі 577,5 млрд теңгені құрайтын жалпы ұзындығы – 297 шақырым «Аягөз – Бақты» теміржол желісінің құрылысы. Бұл – өңірдің және тұтас еліміздің дамуына тың серпін беретін Мемлекет басшысының тікелей тапсырмасымен басталған үлкен жоба. Мердігер ұйым – China Harbour Engineering Company. 10,5 мың га жер учаскесі резервке қойылған. Жобаның техникалық-экономикалық негіздемесі бекітілді, 2023 жылы іске асыру басталды. Қазіргі уақытта жобаға 30 млрд теңге инвестиция салынды. Нысанды 2027 жылдың желтоқсанында пайдалануға беру жоспарланып отыр.

Бұдан бөлек, өнеркәсіп саласында Түркияның «Miryildiz Kz Ltd.» компаниясы жалпы құны – 480 млн АҚШ долларын құрайтын «Алтын өндіру фабрикасын салу» жобасын іске асыруды бастады. Биыл жалпы сомасы 25,9 млрд теңгеге 453 жұмыс орнын құрумен 14 жобаны іске асыру жоспарланған. Бүгінге 13,3 млрд теңгеге 7 жоба жүзеге асырылды, 124 жұмыс орны құрылды. Жыл соңына дейін құны 12,6 млрд теңгені құрайтын 255 жұмыс орнын құруды көздейтін тағы 7 жобаны іске асыру жоспарланған.

Оқи отырыңыз...

Түркістан облысында мақта жинау науқаны басталды

10.09.2026

Қазақстанда алты жылда 31 мың шақырым автомобиль жолы қайта жаңғыртылып, жөнделді

10.09.2026

Шығыс Қазақстан облысында балық өңдеу кешені салынады

10.09.2026

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.