Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Жаңалықтар

25 мыңнан астам мүгедектігі бар адамға жұмыспен қамту шаралары көрсетілді

10.11.2025
2025 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің түрлі шараларымен 25,5 мың мүгедектігі бар адам қамтылды. Бүгінгі таңда барлығы ерекше қажеттіліктері бар 111 мың адам жұмыспен қамтылған, бұл еңбекке қабілетті мүгедектігі бар адамдардың жалпы санының 30%-ын құрайды, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

Қазіргі уақытта Қазақстанда мүгедектігі бар 743,9 мың адам тұрады, ол халықтың жалпы санының 3,7%-ын құрайды, олардың 375,2 мыңы еңбекке қабілетті жаста.

ҚР Әлеуметтік кодексіне сәйкес жергілікті атқарушы органдар мүгедектігі бар адамдар үшін ауыр жұмыстардағы, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есепке алмағанда, жұмысшылардың жалпы санының 2-ден 4%-на дейін (жалдамалы жұмыскерлердің жалпы саны кемінде 50 адам болған кезде) көлемде жұмыс орындарына квота белгілейді. Ағымдағы жылдың 3 тоқсанында квота бойынша мүгедектігі бар 7,1 мың адам жұмысқа орналастырылды.

Сондай-ақ ерекше қажеттіліктері бар адамдар жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тартылуда. Мәселен, ағымдағы жылдың 1 қарашадағы жағдай бойынша тұрақты жұмысқа 4,8 мың адам, жастар практикасына – 538 адам, әлеуметтік жұмыс орындарына – 538 адам, қоғамдық жұмыстарға – 5,7 мың адам, «Күміс жас» жобасы бойынша – 758 адам, «Алғашқы жұмыс орны» жобасы бойынша – 120 адам, «Ұрпақтар келісімшарты» жобасы бойынша – 9 адам жұмысқа орналастырылды.

Қысқа мерзімді кәсіптік оқытумен 277 адам, «Бастау бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытумен 4,5 мың адам қамтылды.

Халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын азаматтарға өз бизнесін ашу үшін 400 АЕК-ке дейінгі (1,6 млн теңге) мөлшерінде мемлекеттік гранттар беріледі. Бүгінгі таңда 1,4 мың мүгедектігі бар адам осындай қолдауға ие болды.

Сондай-ақ, 2018 жылдан бастап халықаралық тәжірибені ескере отырып, мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орнын жарақтандыруға байланысты жұмыс берушілердің шығындарын субсидиялау тәртібі енгізілді. Ағымдағы жылы осындай 87 арнайы жұмыс орны құрылды.

Оқи отырыңыз...

Түркістан облысында мақта жинау науқаны басталды

10.09.2026

Қазақстанда алты жылда 31 мың шақырым автомобиль жолы қайта жаңғыртылып, жөнделді

10.09.2026

Шығыс Қазақстан облысында балық өңдеу кешені салынады

10.09.2026

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.