Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Жаңалықтар

Республикалық автожолдар бойындағы қызмет көрсету нысандарының басым бөлігі Ұлттық стандарт талаптарына сәйкестендірілді

30.10.2025
Елімізде 22 ақылы жол учаскесі бар, олардың жалпы ұзындығы – 4883 шақырым. 9 айдың ішінде ақылы жолдардан бюджетке 62 млрд теңге түсті. Бұл қаражаттың барлығы осы жолдарды күтіп-ұстауға және жаңа техника алуға жұмсалып жатыр. «ҚазАвтоЖол» Ұлттық компаниясы АҚ басқарма төрағасы Дархан Иманашевтың ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында, республикалық автожолдар желісінде 1500-ға жуық жол бойындағы қызмет көрсету нысандары бар. Олардың 93%-ы Ұлттық стандарт талаптарына сәйкестендірілді.

9 айдың ішінде 33 жаңа жол бойындағы нысан салынып, қолданысқа берілді. Жол пайдаланушыларға қолайлы жағдай жасау мақсатында 30 санитарлық-гигиеналық торап іске қосылды. Олардың ішінде жылы әжетханалар, шағын дүкен және кафетерийлер бар.

«Қазіргі таңда олардың санын 155-ге жеткіздік. Алдағы жылдары осындай модульді кешендердің санын арттырып, жол бойындағы салқын әжетханаларды кезең-кезеңмен азайтуды көздеп отырмыз. Сондай-ақ жол бойындағы нысандарға арнайы «дизайн код» әзірлеп, оларды бірыңғай түске бояп, ортақ стандартқа әкеліп жатырмыз», – деді спикер.

Еліміздің шекарасында 55 көлік өткізу пунктісі бар. 2030 жылға қарай 37 өткізу пунктісін қайта жаңартудан өткізу жоспарланған. 2025 жылы 14 өткізу пунктінің нысанында құрылыс жұмыстарын жүргізу көзделген. Соның төртеуінде бүгінде қайта жаңарту жұмыстары басталды. Қалған нысандардың құрылысы бойынша келісімшартқа отыру және мемлекеттік сараптамадан өткізу жұмыстары жүргізілуде. Аталмыш жұмыстарға 150 маман мен 50 арнайы техника жұмылдырылды. Жол-құрылыс жұмыстарының барлық кезеңінде жолдың сапасына ерекше назар аударылады. 2025 жылдың басынан бері мердігерлер салған жобалардан 2777 ақау анықталды, оның 1400-ге жуығы бүгінгі күні жойылып, қалған ақауларды жою жұмыстары жоспарға сәйкес жүзеге асырылуда.

Жыл басынан бері жұмыстарды сапалы орындамағаны үшін техникалық бақылау қызметтеріне 200 млн теңге көлемінде айыппұл салынып, 36 маман жұмыстан босатылды. Сондай-ақ республикалық автожолдарды қайта жаңарту және орташа жөндеу жұмыстарын тиісті түрде орындамағаны үшін 10 мердігер компания соттың шешімімен жосықсыз компаниялардың тізіміне енгізілді.

Оқи отырыңыз...

Түркістан облысында мақта жинау науқаны басталды

10.09.2026

Қазақстанда алты жылда 31 мың шақырым автомобиль жолы қайта жаңғыртылып, жөнделді

10.09.2026

Шығыс Қазақстан облысында балық өңдеу кешені салынады

10.09.2026

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.