Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Жаңалықтар

Жылқы шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының құрылысы 2026 жылы аяқталады

24.10.2025
Ақтөбе облысында ұлттық мал шаруашылығын дамытуға және қазақтың жылқы шаруашылығы дәстүрін сақтауға бағытталған жоба аясында «Қазақ жылқы шаруашылығы және жемшөп өндіру ғылыми-зерттеу институты» ғимаратының құрылысы жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі.

«Қазақ ғылыми-зерттеу жылқы шаруашылығы институты өткен жылы Мемлекет басшысының тапсырмасымен ашылды. Бір жылдан аз уақыт ішінде бұрынғы тәжірибе стансасы ғылыми-зерттеу мекемесіне айналды. Қазіргі уақытта заманауи ғимараттың құрылысы жүргізілуде, оның құрамында асыл тұқымды жылқыларды жан-жақты зерделеуге арналған бес зертхана қарастырылған. Институттың негізгі міндеттері – жылқы еті мен қымыз экспортын дамыту, ұлттық спорт түрлерін насихаттау және спорттық жылқы шаруашылығын өркендету. Сондай-ақ отандық шабандоздардың халықаралық жарыстарға қатысуына жағдай жасау жоспарланып отыр», – деді «Қазақ жылқы шаруашылығы және жемшөп өндіру ғылыми-зерттеу институты» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Әлібек Базарғалиев.

Институт құрылымында манеж, ат қоралар, ветеринариялық пункт, зертханалар және ипподром қарастырылған. Бұл кешен ғылыми зерттеулер жүргізуге, практикалық жұмыстар атқаруға және жылқы шаруашылығы саласындағы мамандарды даярлауға мүмкіндік береді.

Құрылыс 2026 жылғы мамыр айында аяқталып, пайдалануға беріледі деп күтілуде. Жобаны іске асыру саланың ғылыми негізін нығайтып, асыл тұқымды жұмыстардың сапасын арттыруға және Қазақстанның жылқы шаруашылығын жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік береді.

Оқи отырыңыз...

Түркістан облысында мақта жинау науқаны басталды

10.09.2026

Қазақстанда алты жылда 31 мың шақырым автомобиль жолы қайта жаңғыртылып, жөнделді

10.09.2026

Шығыс Қазақстан облысында балық өңдеу кешені салынады

10.09.2026

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.