Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Жаңалықтар

Жаңа банк заңы ескі мәселелерді шешпейді

24.10.2025

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі банк жүйесін тұрақтандыру туралы жаңа заң жобасын талқылады. Бұл бастама банктердің төлем қабілеттілігін реттеу және қаржылық жүйенің қауіпсіздігін күшейтуге бағытталған. Алайда сарапшылар жаңа заңның мазмұнын қарап, оның бұрынғы қателіктерді қайталайтынын айтып отыр.

Эконмист Мұрат Темірхановтың айтуынша, жаңа заң жобасында түбегейлі өзгерістер жоқ. Құжатта көрсетілген көптеген «жаңа тетіктер» бұған дейін де қолданыста болған. Мысалы, мемлекет тек жүйелі маңызы бар банктерге ғана көмектеседі немесе шығын акционер есебінен жабылады деген баптар бұрыннан бар нормаларды қайталап отыр.

«Басты қауіп мемлекетке тиесілі шығынды өзге банктер есебінен жабу туралы ұсыныс. Бұл тәсіл халықаралық тәжірибеге толық сай емес және отандық банк секторының тұрақтылығына кері әсер етуі мүмкін. Халықаралық қаржы кеңесі ұсынған стандарттар мұндай шараны тек ерекше жағдайда, басқа мүмкіндіктер таусылған кезде ғана қолдануға болатынын көрсетеді. Қазіргі жүйенің тағы бір әлсіз тұсы банк дағдарысын басқарудағы тәуелсіз органның жоқтығы», дейді экономист.

Тағы бір маңызды мәселе – Ұлттық банктің рөлі. Жобаға сәйкес, ол төлем қабілеттілігін жоғалтқан банкке соңғы инстанция ретінде несие бере алады. Бұл халықаралық ережелерге қайшы келеді, себебі мұндай көмек тек төлем қабілеті бар банктерге ғана көрсетілуі тиіс.

М. Темірханов жаңа заң жобасында ашықтық пен нарықтық қағидалар жетіспейтінін де атап өтті. Оның пікірінше, мемлекет пен банктер арасындағы шекара нақты бөлінуі керек. Үкіметтің төмен пайызбен несие беруі нарықтағы әділ бәсекені бұзады. Жаңа заң жобасы банк жүйесін жаңғыртпайды, тек бұрынғы схемаларды заңдастырады. Егер мемлекет пен нарықтың арасы анық ажыратылмаса, онда банк секторы қайтадан сол ескі қателіктерді қайталайды.

Елігімай ТӨҢКЕР

Оқи отырыңыз...

Түркістан облысында мақта жинау науқаны басталды

10.09.2026

Қазақстанда алты жылда 31 мың шақырым автомобиль жолы қайта жаңғыртылып, жөнделді

10.09.2026

Шығыс Қазақстан облысында балық өңдеу кешені салынады

10.09.2026

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.