Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Аймақ жаңалықтары

Қызылордада «Достық әуендері» патриоттық әндер байқауы өтті

21.10.2025

Қызылорда облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен және «Қоғамдық келісім» КММ қолдауымен ҚХА 30 жылдығы аясында «Тамырлас» жобасы бойынша этнос өкілдері арасында өңіраралық «Достық әуендері» атты патриоттық әндер байқауы өтті.

Шараның негізгі мақсаты – ел бірлігі мен патриоттық рухты дәріптеу, этнос өкілдері арасындағы достық пен мәдени байланыстарды нығайту, сондай-ақ дарынды жастарға шығармашылық қолдау көрсету.

Байқаудың ашылуында «Қоғамдық келісім» КММ директорының орынбасары Руслан Құрманов сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі.
— Бұл байқау – ел бірлігінің, достықтың жарқын көрінісі. Ән арқылы Отанға деген сүйіспеншілікті жеткізу – үлкен рухани күш, – деді ол өз сөзінде.

Әділқазылар алқасының құрамында мәдениет саласының өкілдері мен өнер мамандары болды:
• Қалымбетова Күлән Жантемірқызы – төраға;
• Ысқақова Рауза Сейдоллақызы;
• Молдабергенов Бекзат Рысбекұлы.

Байқауға өңірдің түрлі этнос өкілдері қатысып, туған жер мен елге деген сүйіспеншілікті жырлаған патриоттық әндерін орындады.
Олардың қатарында Қасымбай Айдана, Хайруллаева Шахриза, Бондаренко Виолетта, Қуантқанов Дәулеткерей, Қолдасбай Сұлтанханым, Сарманбек Саят, Рзманов Руслан және Бақытбек Дәулетбек пен Рысбек Жанұзақ сынды өнерпаздар бар.

Байқау қорытындысы бойынша жүлделі бірінші орынды түрік этносының өкілі, Байқоңыр қаласынан келген Руслан Рзманов (100 мың теңге), екінші орынды Арал ауданынан келген Дәулеткерей Қуантқанов (80 мың теңге), үшінші орынды Қызылорда қаласынан қатысқан Айдана Қасымбай (60 мың теңге) жеңіп алды.
Жеңімпаздар ақшалай сертификаттар және алғыс хаттармен марапатталды.

Шара соңында ұйымдастырушылар қатысушыларға шығармашылық табыс тілеп, ел бірлігі мен татулығын дәріптейтін осындай шаралардың маңыздылығын атап өтті.

— «Достық әуендері» байқауы – Отанға деген сүйіспеншілікті, ел бірлігін, халық арасындағы татулықты насихаттайтын өнер мерекесі болды. Әрбір қатысушы ерекше өнер көрсетті, – деді қазылар алқасының төрағасы Күлән Қалымбетова.

Шара соңында барлық қатысушылар дәстүрлі түрде «Қазақстан – ортақ үйіміз» әнін бірге орындап, мерекелік көңіл күймен тарқасты.

Оқи отырыңыз...

Түркістан облысында мақта жинау науқаны басталды

10.09.2026

Қазақстанда алты жылда 31 мың шақырым автомобиль жолы қайта жаңғыртылып, жөнделді

10.09.2026

Шығыс Қазақстан облысында балық өңдеу кешені салынады

10.09.2026

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.