Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Аймақ жаңалықтары

Қызылордада «Үздік аула» байқауы жеңімпаздары марапатталды

20.10.2025

Қызылордада «Қала күні» мерекесі аясында өткен мерекелік іс-шаралар аясында дәстүрлі «Үздік аула» байқауының жеңімпаздары марапатталды. Қаланы жасыл желекке айналдыру бағытындағы жұмыстарға  үлестерін аянбай қосып келе жатқан қала тұрғындарын ынталандыруды мақсат еткен бұл байқау 2018 жылдан бастап ұйымдастырылып келеді.

Байқау жеңімпаздарына қала әкімінің орынбасары Дархан Тұрсынбаев  диплом мен қаржылай сыйақы табыстады. Биыл сегізінші мәрте өткізілген «Үздік аула» байқауына қатысуға оннан аса аула өтінім білдіріпті. Байқау үздіктерінің ішінен З. Шүкіров көшесі, №100Г үйдің тұрғыны Сәлима Көптілеуқызының ауласы комиссия шешімімен басым дауысқа ие болып, жеңімпаз атанды. Екінші орынды (150 мың теңге қаржылай сертификаты) Қорқыт ата көшесі, № 239 үй тұрғыны Зайнап Бакирқызы иемденсе, ал ІІІ орын (100 мың теңге қаржылай сертификаты) Әйтеке би көшесі, №27 үй тұрғыны Валентина Алексеевнаға бұйырды.

Марапаттау рәсімінде «Бірлігі жарасқан аула», «Еңбекқор бағбан», «Әсем аула» номинациясы да табысталды. Қала тазалығын қамтамасыз етуде тынбай еңбек етіп жүрген тазалық қызметкерлері де марапатталып, оларға қала әкімінің «Алғыс хаты» мен 70 мың теңге қаржылай сертификат табысталды.

Жеңімпаз атанған тұрғын үй ауласына «Үздік аула – 2025» тақтайшасы орнатылды.

Мұрат Жетпісбаев

Оқи отырыңыз...

Түркістан облысында мақта жинау науқаны басталды

10.09.2026

Қазақстанда алты жылда 31 мың шақырым автомобиль жолы қайта жаңғыртылып, жөнделді

10.09.2026

Шығыс Қазақстан облысында балық өңдеу кешені салынады

10.09.2026

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.