Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Жаңалықтар

Қазақстанның IT-қызметтерінің экспорты 881 млн долларға жетті

17.10.2025
Қазақстан Дубайда GITEX GLOBAL 2025 ірі әлемдік технологиялық көрмесінде цифрлық шешімдері мен стартаптардың басын біріктірген ұлттық павильонын ұсынды. Павильонда жасанды интеллект саласындағы әзірлемелерді көрсететін 20 компания бар, деп хабарлайды ҚР Сауда және интеграция министрлігі.

Қатысушылар арасында жасанды интеллектті қолдана инсультті анықтау үшін дәрігерлерге көмектесетін Cerebra.ai және өнеркәсіп қауіпсіздігі саласында бейне-аналитика жүйесін дамытуға бағытталған BEST vision Technologie, қазақстандық білім беру сервистерін ілгерілететін BilimApp, аэроғарыштық технологиялармен жұмыс істейтін Ghalam және ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін цифрлық шешімдер жасайтын Alaqan жобалары бар. Бұл компаниялардың барлығы әлемдік нарыққа шығуға ықпал ететін QazTrade «Экспорттық акселерация» бағдарламасына қатысушылар.

Қазақстандық IT-командалар БАӘ, Сауд Арабиясы және Катардан келген инвесторлармен және технологиялық компаниялармен кездесулер өткізіп жатыр. Мемлекеттік сервистер мен корпоративтік платформаларға отандық шешімдерді енгізу мәселесі талқылануда.

Көрме аясында қазақстандық TrustMe компаниясы Дубайдағы Sogdians Venture Studio компаниясымен келісімге қол қойды. Олар қазір БАӘ мен Таяу Шығыс пен Солтүстік Африка (MENA) нарығындағы TrustMe ресми өкілдері болып табылады.

Сонымен қатар, Blackstone AI компаниясы Family Eight Holdings Limited (БАӘ) компаниясымен Меморандумға қол қойды. Тараптар жасанды интеллект технологияларын интеграциялау, жаңа өнімдерді бірлесіп әзірлеу және шетелдік нарыққа шығуды кеңейту саласындағы ынтымақтастық туралы уағдаласты.

«GITEX мемлекеттік делегациялар мен технологиялық корпорацияларды қоса алғанда, 170-тен астам елдің қатысушыларын біріктіреді. Көрмеге қатысу қазақстандық IT-компанияларды халықаралық нарықтарға ілгерілету үшін стратегиялық қадам болып отыр. Қазақстан шикізатты ғана емес, зияткерлік өнімдерді де экспорттайтын ел ретіндегі орнын нығайтуда. 2024 жылы Қазақстанның IT-қызметтерінің экспорты 20,3%-ға ұлғайып, 881 млн долларға жетті», – деп атап өтті Qaztrade басқарушы директоры Айнұр Әмірбекова.

Оқи отырыңыз...

Түркістан облысында мақта жинау науқаны басталды

10.09.2026

Қазақстанда алты жылда 31 мың шақырым автомобиль жолы қайта жаңғыртылып, жөнделді

10.09.2026

Шығыс Қазақстан облысында балық өңдеу кешені салынады

10.09.2026

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.