Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Жаңалықтар

Жетісу облысында 8 жаңа су қоймасын салып, шамамен 3 мың шақырым каналды реконструкциялау жоспарланып отыр

17.10.2025
Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Жетісу облысының тұрғындарымен кездесу барысында министрліктің қазіргі жұмысы мен өңірдің су шаруашылығын дамытуға бағытталған алдағы жоспарлар туралы айтты, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

2028 жылға дейінгі су саласын дамыту жөніндегі кешенді жоспар аясында Ақсу, Көксу, Панфилов, Сарқан, Алакөл аудандарында және Талдықорған қаласында 8 жаңа су қоймасын салу көзделген. Нысандар Биен, Біже, Қорғас, Үсек, Тышқан, Балықты, Жаманты және Басқан өзендері бойында салынады.

Бұдан бөлек, үш су қоймасын және ұзындығы 2930 шақырым болатын каналды реконструкциялау, сондай-ақ ұзындығы 236,8 шақырым каналды автоматтандыру жоспарланып отыр. Сонымен қатар 17 гидротехникалық құрылысжайда көпфакторлы зерттеу жұмыстары жүргізіледі.

«Біздің жұмысымыздың басым бағыттарының бірі – су шаруашылығы инфрақұрылымын жөндеу және жаңғырту. Қазір жүзеге асырылып жатқан гидротехникалық құрылысжайларды салу мен реконструкциялау, ирригация желілерін автоматтандыру жобалары суды пайдалану тиімділігін айтарлықтай арттырып, оның шығынын азайтуға мүмкіндік береді. Вегетация кезеңінің қорытындысы көрсеткендей, аграрлық сектордың тиімділігі су ресурстарын қаншалықты сауатты және жауапкершілікпен басқаруға байланысты. Бұл тек нақты жоспарлауды ғана емес, су саласын жүйелі дамытуды да талап етеді», – деді су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

Оқи отырыңыз...

Түркістан облысында мақта жинау науқаны басталды

10.09.2026

Қазақстанда алты жылда 31 мың шақырым автомобиль жолы қайта жаңғыртылып, жөнделді

10.09.2026

Шығыс Қазақстан облысында балық өңдеу кешені салынады

10.09.2026

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.