Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Аймақ жаңалықтары

«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында Ұлытау облысында экологиялық іс-шаралар өтті

15.10.2025
Ұлытау облысында ұлттық экологиялық бастама «Таза Қазақстан» акциясы аясында ағаш отырғызу акциясы өтуде. Іс-шараның мақсаты – тұрғындарды қоршаған ортаны қорғауға шақыру, экологиялық мәдениетті арттыру және туған өлкеге қамқорлық жасауды дәстүрге айналдыру, деп хабарлайды өңір әкімдігі.

Жезқазған қаласында «Таза қала» акциясы аясында жастар, еріктілер мен қала тұрғындарының қатысуымен Алашахан даңғылы мен «Наурыз» саябағында ағаш отырғызу жұмыстары жүргізілуде.

Сәтбаев қаласының жастары мен «Таза Сәтбаев» волонтерлік ұйымының мүшелері экологиялық акцияға белсене қатысып, қаланың тазалығына өз үлестерін қосты. Бұл жолы қатысушылар қаланың орталық бөліктерінде қоқыс жинап, арамшөптерді тазалады.

«Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында 2025 жылдың басынан бері 10 облыстық және 15 қалалық сенбілік өткізілді. Бұған қоса, апта сайын қала мен аудандарда «Таза бейсенбі» шарасы өткізіліп келеді.

Жыл басынан бері «Таза Қазақстан» акциясы аясында Ұлытау облысында 14 мыңнан аса ағаш егілді.

Оқи отырыңыз...

Түркістан облысында мақта жинау науқаны басталды

10.09.2026

Қазақстанда алты жылда 31 мың шақырым автомобиль жолы қайта жаңғыртылып, жөнделді

10.09.2026

Шығыс Қазақстан облысында балық өңдеу кешені салынады

10.09.2026

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.