Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Жаңалықтар

Биыл елімізде 12,9 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді

14.10.2025
Industrial Engineer Inspecting a Residential Construction Spot with a Virtual Reality App with a Virtualization of the Building's Interior. Over the Shoulder Shot of an Architect Working on Site

Қазақстанда тұрғын үй құрылысы мен инфрақұрылымдық жобалардың көлемі өсіп келеді. Бұл туралы Үкімет отырысында Ұлттық экономика вице-министрі Азамат Әмрин мәлімдеді. Оның айтуынша, 2025 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша құрылыс саласы 14,9%-ға ұлғайған.

Азамат Әмриннің сөзінше, өсім еліміздің барлық өңірлерінде дерлік байқалған. Ең жоғары көрсеткіштер Астана қаласында – 41,8%, Алматыда – 37,7%, Солтүстік Қазақстан облысында – 27,3%, Ақмола облысында – 26,4%, ал Түркістан облысында – 25,5% деңгейінде тіркелді.

Вице-министр сондай-ақ биыл 12,9 миллион шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілгенін хабарлады. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 3,4%-ға артық.

Министрлік деректері бойынша, тұрғын үй құрылысы қарқыны жоғарылаған өңірлердің қатарында Ұлытау облысы (өсім 24,6%), Алматы облысы (16%), Түркістан облысы (8,4%) және Жетісу облысы (9%) бар. Сондай-ақ Алматы қаласында да құрылыс көлемі айтарлықтай артқан – 18,2%-ға өскен.

Оқи отырыңыз...

Түркістан облысында мақта жинау науқаны басталды

10.09.2026

Қазақстанда алты жылда 31 мың шақырым автомобиль жолы қайта жаңғыртылып, жөнделді

10.09.2026

Шығыс Қазақстан облысында балық өңдеу кешені салынады

10.09.2026

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.