Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Денсаулық

Қазақстанда дәрі-дәрмектер үшін бірлесіп төлеу тетігі енгізіледі

08.10.2025
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етудің жаңа тетігін – дәрілер үшін бірлесіп төлеу жүйесін іске қосуда. Пилоттық жоба 2025 жылы Астана қаласында басталып, қолданыстағы тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жүйесін толықтырады, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

Жаңа тетік қолданыстағы тегін рецепт арқылы дәрі алу тәртібін өзгертпейді. Азаматтар бұрынғыдай кепілдендірілген тегін медициналық көмек көлемі шеңберінде дәрі-дәрмектерін ақысыз ала алады.

Сонымен қатар пациенттерге бірлесіп төлеу жүйесіне қатысушы дәріханалардан басқа препаратты таңдау мүмкіндігі беріледі. Бұл ретте тегін дәрі алу құқығы сақталады.

Бірлесіп төлеу тетігі пациенттерге өз бетінше шешім қабылдауға мүмкіндік береді: дәріні тегін алу немесе заманауи препаратты таңдап, оның құнының бір бөлігін өз есебінен төлеу.

Төлем мөлшері – халықаралық патенттелмеген атауы бойынша белгіленген шекті баға мен таңдалған препарат құнының айырмашылығы шегінде жүргізіледі.

Бірінші кезеңде тетік «артериялық гипертензия» ауруы бойынша енгізіледі. 2024 жылы амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету аясында 3,3 миллион пациент, оның ішінде 1,2 миллионы артериялық гипертензиямен ауыратындар дәрі алған.

Төлем «eGov» мобильді қосымшасындағы «Әлеуметтік әмиян» сервисі арқылы, QR-коды бар электрондық рецепт негізінде жүзеге асырылады. Пилоттық жобаны қаржыландыру амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге арналған Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының бекітілген бюджеті шегінде жүргізіледі.

Бірлесіп төлеу тетігін енгізу – емделу нәтижелілігін жақсартуға және ауру асқынуларын, мүгедектік пен өлім-жітімді азайтуға бағытталған.

Бірлесіп төлеу жүйесі – мүмкіндіктерді шектемейді, керісінше кеңейтеді, пациентке таңдау еркіндігін беріп, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жүйесінің икемділігі мен ашықтығын арттырады.

Оқи отырыңыз...

Түркістан облысында мақта жинау науқаны басталды

10.09.2026

Қазақстанда алты жылда 31 мың шақырым автомобиль жолы қайта жаңғыртылып, жөнделді

10.09.2026

Шығыс Қазақстан облысында балық өңдеу кешені салынады

10.09.2026

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.