Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Жаңалықтар

Ұлттық музейде «Зергерлік код» халықаралық көрмесі ашылды

03.10.2025
ҚР Ұлттық музейінде «Зергерлік код. Тағуға болатын статистика» атты көрменің ресми ашылуы өтті. Бұл – Қазақстандағы Syldyr жобасы аясындағы дата-арт пен концептуалды әшекейлерге арналған алғашқы халықаралық көрме, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі.

Экспозицияға Қазақстан, Германия, Австралия, Мажарстан, АҚШ, Италия, Нидерланд, Мексика, Сенегал, Қытай, Ресей, Австрия, Ұлыбритания, Польша, Грузия, Оман сынды 28 мемлекеттен 60-тан астам суретші қатысты. Авторлар концептуалды әшекейлер мен материалдық дата-арт туындыларын ұсынды. Бұл жұмыстар арнайы осы көрме үшін жасалған.

2016 жылы Оксфорд сөздігі «постшындық» сөзін жыл сөзі деп атады. Бұл құбылыс эмоциялар қоғамдық дискурстан объективті фактілерді ығыстырғанда пайда болады. Бүгінде араға он жылдай уақыт салып, постшындық әлеуметтік желілердің, жасанды интеллектінің дамуы және дәстүрлі журналистиканың әлсіреуінің арқасында бұрынғыдан да терең орнықты. Осындай жағдайда статистика ақиқаттың соңғы дереккөзі болып қала береді. Сондықтан да суретшілер барған сайын деректерді көрнекі, материалдық әрі тағылатын формаға айналдыратын дата-артқа жүгінуде.

Қазақ мәдениетінде әшекейдің қасиетті мәні бар. Бойтұмар – күш-қуат, тектілік пен жадының белгісі. Syldyr жобасының кураторлары осы дәстүрді қайта пайымдауды ұсынады. Әшекейдің әлі де өзіндік мәні бар, бірақ енді ол сандарға негізделіп, салмақ, текстура және формаға айналған деректер іспетті.

Оқи отырыңыз...

Түркістан облысында мақта жинау науқаны басталды

10.09.2026

Қазақстанда алты жылда 31 мың шақырым автомобиль жолы қайта жаңғыртылып, жөнделді

10.09.2026

Шығыс Қазақстан облысында балық өңдеу кешені салынады

10.09.2026

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.