Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Жаңалықтар

«Ерлік пен патриотизм – ұлттық бірліктің негізі» конференциясы өтті

03.10.2025

2025 жылдың 30 қыркүйегінде Қызылорда медициналық жоғары колледжінің мәжіліс залында Қоғамдық даму басқармасының «Ерлік – елге мұра, ұрпаққа ұран» жобасы аясында «Ерлік пен патриотизм – ұлттық бірліктің негізі» атты облыстық конференция ұйымдастырылды. Шараға әскери қызметкерлер, ардагерлер, ұстаздар және студент жастар қатысты.

Конференция барысында ұлттық бірлікті нығайтудағы ерліктің маңызы, елді қорғау – қасиетті борыш екені кеңінен айтылды. Алғы сөз сөйлеген 5547 әскери бөлімінің капитаны Бекзат Бегалы әскери қызметтің жас ұрпаққа өнеге боларлық құндылық екенін атап өтіп, сарбаздарға жасалып отырған әлеуметтік қолдауларға тоқталды. Ол жастарды Отан алдындағы борышын адал өтеуге шақырды.

Сонымен қатар, азаматтық қорғау майоры Олжас Тұрсынбайұлы құтқарушылардың ерлігін, теолог Бақтияр Есенгелдіұлы елдік пен руханияттың байланысын, ардагер Жұмабек Алиханұлы тарихи жадыны қастерлеудің маңызын айрықша атап өтті. Ал колледж директорының орынбасары Сыргүл Тұтқабайқызы жастар бойында патриоттық рухты қалыптастырудағы ұстаздардың рөліне назар аударды.

Шара соңында елге еңбегімен үлгі болған азаматтарға облыстық Қоғамдық даму басқармасының басшысы Руслан Каюповтың атынан алғыс хаттар табысталды. Конференция жастарға арналған арнаумен қорытындыланып, «Отанды қорғау – парыз, тарихтан тағылым алу – міндет, ерлікті қастерлеу – ұлттық рухтың мәңгілік ұстанымы» деген тұжырым жасалды.

Жиын соңында қатысушылар естелік суретке түсіп, тағылымды шараның мәнді сәттерін есте қалдырды.

Оқи отырыңыз...

Түркістан облысында мақта жинау науқаны басталды

10.09.2026

Қазақстанда алты жылда 31 мың шақырым автомобиль жолы қайта жаңғыртылып, жөнделді

10.09.2026

Шығыс Қазақстан облысында балық өңдеу кешені салынады

10.09.2026

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.