Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Аймақ жаңалықтары

Абай облысында қарияларға құрмет көрсетілді

03.10.2025

1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай Семей қаласында салтанатты қабылдау өтті. Жиынға Абай облысының әкімі Берік Уәли мен өңірдің қала-аудандарынан келген ардагерлер қатысып, аға буынға лайықты ізет көрсетілді.

️Абай облысында қарияларға құрмет көрсетілді

Аймақ басшысы құттықтау сөзінде қазыналы қариялардың қоғамдағы орны мен еңбегін атап өтіп, мемлекет тарапынан аға буынға әлеуметтік қолдау үнемі күшейіп келе жатқанын айтты. «Қартын сыйлаған елдің қазынасы мол» деген ұлағатты сөзді үлгі еткен әкімдік зейнеткерлерге жан-жақты қолдау көрсетуді басым бағыт ретінде жалғастырады.

Шара барысында өңірдің түрлі саласында еңбегімен еленген ардагерлер облыс әкімінің Алғыс хаттарымен, республикалық Ардагерлер ұйымының төсбелгілерімен, Грамоталарымен марапатталды. Қонақтарға шығармашылық ұжымдар мерекелік бағдарлама ұсынды.

Кездесу жылы рәуіште өтіп, ақсақалдар ел бірлігі мен жастар тәрбиесі туралы ой-пікірлерін ортаға салды. Облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мұрат Әлин Мемлекет басшысы жариялаған «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында механизатор, сауыншы, шопан, бақташы сынды қарапайым еңбек адамдарын арнайы шақырып, марапаттаудың маңызын атап өтіп, ұйымдастырушыларға алғыс білдірді.

Қазіргі таңда өңірде 100 мыңға жуық зейнеткер тұрады. 2023 жылдан бастап облыстық мәслихат шешіміне сай, мемлекеттік-жекешелік әріптестік негізінде «Қарағайлы» санаторий-курортында зейнет жасындағы азаматтарды сауықтыру ісі жолға қойылған. Соның нәтижесінде 6 мыңға жуық адам емдеу-сауықтыру шараларымен қамтылды.

️Абай облысында қарияларға құрмет көрсетілді

Оқи отырыңыз...

Түркістан облысында мақта жинау науқаны басталды

10.09.2026

Қазақстанда алты жылда 31 мың шақырым автомобиль жолы қайта жаңғыртылып, жөнделді

10.09.2026

Шығыс Қазақстан облысында балық өңдеу кешені салынады

10.09.2026

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.