Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Аймақ жаңалықтары

«Kazakh national games» сайысы өтті

02.10.2025

Қызылорда облыстық қоғамдық даму басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастыруымен Naman ata спорттық кешенінде мемлекеттік тілді еркін меңгерген этнос оқушылары арасында «Kazakh national games» атты ұлттық спорт түрлерінен сайыс өтті.

Жарыс бес кезең бойынша өрбіді. Қатысушылар садақ ату, арқан тарту, ләңгі тебу, қол күрес және асық ату сияқты ұлттық ойындарда өз шеберліктерін сынады. Сайысқа қала мектептерінен №198, №9, №23, №112 және №8 мектеп оқушылары белсене қатысып, ұлттық рухты көтерген тартысты доданың көрігін қыздырды.

«Қоғамдық келісім» КММ директорының орынбасары Азамат Мукеев жарыс барысында сөз сөйлеп, Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы аясында мұндай игі бастамалардың жалғасын табатынын атап өтті. Оның айтуынша, ұлттық ойындар жастардың денсаулығын нығайтып қана қоймай, мемлекеттік тіл мен мәдениетке деген құрметті арттыра түседі.

Жарыс қорытындысы бойынша бірінші орынды №8 мектеп оқушылары иеленсе, екінші орынға №112 мектептің командасы жайғасты. Ал үшінші орын №9 мектептің еншісіне бұйырды. Жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Оқи отырыңыз...

Түркістан облысында мақта жинау науқаны басталды

10.09.2026

Қазақстанда алты жылда 31 мың шақырым автомобиль жолы қайта жаңғыртылып, жөнделді

10.09.2026

Шығыс Қазақстан облысында балық өңдеу кешені салынады

10.09.2026

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.