Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Жаңалықтар

Өрт қауіпсіздігіне байланысты 16 мыңнан астам рейд пен патрульдеу жүргізілді

01.10.2025
Төтенше жағдайлар министрлігі табиғи өрттердің алдын алу және халықты қорғау бойынша жұмысты тұрақты жүргізуде. Өрт қауіпті маусым аяқталуға жақын, дегенмен өрт жағдайын бақылау тәулік бойы жалғасуда. «Табиғат» ақпараттық жүйесі, орман шаруашылығын бейнебақылау, ғарыш мониторингі және геоақпараттық жүйе арқылы кешенді бақылау жүргізілуде. Бұл өрт ошақтарын дереу анықтап, әрекет етуге мүмкіндік береді. ҚР ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитеті төрағасы Ерлан Төрегелдиев ОКҚ брифингінде осылай деді.

Оның айтуынша, әуеден бақылап, жедел ден қою үшін су шашатын құрылғылары бар авиация жұмылдырылған.

«Бүгінде 28 авиаборт тұрақты дайындықта тұр. Олар күрделі аймақтарда жұмыс істеуге мүмкіндік береді. 31 орманшылықта 37 механикаландырылған күзет бекеті орналастырылды. Олар өртті дер кезінде анықтап сөндіруді қамтамасыз етеді. Бұл ретте профилактикалық жұмыстың маңызы зор. Орман-дала алқаптарында Төтенше жағдайлар министрлігі, полиция, орман шаруашылығы қызметкерлері 16 мыңнан астам рейд пен патрульдеу жұмыстарын жүргізді. Өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзғаны үшін 4,6 мыңнан астам адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, айыппұл сомасы 87,5 млн теңге шамасында», – деді спикер.

Айта кетерлігі, трансшекаралық ынтымақтастық шеңберінде Ресей, Қырғызстан және Өзбекстанмен бірлескен оқу-жаттығулар өткізілді. Орман шаруашылығы мекемелері 378 өрт-тактикалық жаттығу ұйымдастырды.

Оқи отырыңыз...

Түркістан облысында мақта жинау науқаны басталды

10.09.2026

Қазақстанда алты жылда 31 мың шақырым автомобиль жолы қайта жаңғыртылып, жөнделді

10.09.2026

Шығыс Қазақстан облысында балық өңдеу кешені салынады

10.09.2026

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.