Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Аймақ жаңалықтары

Қала әкімінің орынбасары лауазымына Ділмұхамед Мнуарбекұлы Абизов тағайындалды

01.10.2025
Қала әкімі Нұржан Ахатовтың өкімімен қала әкімінің орынбасары лауазымына Ділмұхамед Мнуарбекұлы Абизов тағайындалды. Шаһар басшысы жаңа орынбасарын кадрлық өзгерістерге байланысты өткен актив отырысында таныстырды.
Ділмұхамед Мнуарбекұлы 1978 жылы дүниеге келген. Жоғары білімді. Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетін «Тау-кен инженері», Ақмешіт гуманитарлық-техникалық институтын «Экономика» мамандықтары бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 1997 жылы «Сырдария Мұнай» АҚ-ның бұрғылаушысы болып бастаған. 2001-2016 жылдары «Харрикейн Құмкөл Мұнай» ААҚ оператор болып жұмыс істеген және түрлі кәсіпкерлік салаларында қызмет атқарған. 2016 жылдан бастап «Далатекс» серіктестігінің директоры. Қалалық мәслихаттың 7 және 8-ші шақырылым депутаты болды.
Ділмұхамед Мнуарбекұлы «Байқоңыр» ӘӘК» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының өңірлік кеңесінің төрағасы, «Qaz Textile Industry» өзін-өзі басқару ұйымының директорлар кеңесінің төрағасы, Қызылорда Өңірлік инвестициялық орталығының бақылау кеңесі төрағасы болып, қоғамдық жұмыстарға белсене араласқан.
2021 жылы «Ерен еңбегі үшін» мемлекеттік наградасымен марапатталған.
Ділмұхамед Мнуарбекұлы кәсіпкерлік және өнеркәсіп, қоғамдық даму, мәдениет және тілдерді дамыту, дене тәрбиесі, спорт және туризм бөлімдеріне жетекшілік жасайтын болады.

Оқи отырыңыз...

Түркістан облысында мақта жинау науқаны басталды

10.09.2026

Қазақстанда алты жылда 31 мың шақырым автомобиль жолы қайта жаңғыртылып, жөнделді

10.09.2026

Шығыс Қазақстан облысында балық өңдеу кешені салынады

10.09.2026

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.