Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Аймақ жаңалықтары

Жаңақорған ауданында тұрғындардың діни сауаттылығын арттыруға арналған маңызды кездесулер өтті

01.10.2025

2025 жылғы 1 қазанда Жаңақорған ауданында қоғамның діни сауаттылығын көтеру мен жастарды теріс ағымдардан қорғауға бағытталған ауқымды ақпараттық-түсіндірме шаралары ұйымдастырылды.

Іс-шараларға Республикалық ақпараттық-түсіндірме тобының мүшесі, белгілі теолог Бақтияр Есенгелдіұлы арнайы шақырылып, әртүрлі әлеуметтік топтармен мазмұнды кездесулер өткізді. Ол жастармен, еңбек ұжымдарымен, мемлекеттік қызметкерлермен, дін өкілдерімен, осал топтармен, маргинал жастармен және вахталық әдіспен жұмыс істейтін азаматтармен жүздесіп, олардың сұрақтарына жан-жақты жауап берді.
Бұл кездесулер Жаңақорған аудандық қоғамдық даму бөлімінің «Аудан тұрғындары арасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы күреске бағытталған шараларды өткізу және діни ахуал туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыру» атты әлеуметтік жобасы аясында, «Асыл Мұра-Орда» қоғамдық қорының қолдауымен жүзеге асты.
Кездесу барысында теолог қоғамда діни сауаттылықты арттырудың, рухани құндылықтарды дәріптеудің және ұлттық бірлікті нығайтудың маңыздылығына ерекше тоқталды. Ол жастардың теріс идеологияға қарсы иммунитетін қалыптастыруда әлеуметтік желілер мен жаңа коммуникациялық құралдардың ықпалын дұрыс бағамдау қажеттігін түсіндірді. Жаһандану дәуірінде ақпаратты сүзгіден өткізе білу – әрбір жас үшін басты қабілет екендігі айтылды.
Сондай-ақ, қазақ халқының бай рухани мұрасы, әдебиет пен жыраулар шығармаларындағы имандылық идеяларының тәрбиелік мәні ашып көрсетілді. Рухани-адамгершілік құндылықтар – ұрпақ тәрбиесінің темірқазығы екені, ал ұлттық дәстүр мен мәдениеттің діни тұрақтылыққа негіз болатыны атап өтілді.
Жиын соңында қатысушылар діни экстремизм мен жат ағымдардан сақтану жолдары, отбасындағы имандылық тәрбиесі және қоғамдағы тұрақтылықты сақтаудың ортақ жауапкершілігі туралы құнды ақпарат алды.

Оқи отырыңыз...

Түркістан облысында мақта жинау науқаны басталды

10.09.2026

Қазақстанда алты жылда 31 мың шақырым автомобиль жолы қайта жаңғыртылып, жөнделді

10.09.2026

Шығыс Қазақстан облысында балық өңдеу кешені салынады

10.09.2026

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.