Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Аймақ жаңалықтары

Арал ауданында діни экстремизмнің алдын алу бағытында маңызды шаралар өтті

01.10.2025

2025 жылғы 29-30 қыркүйек күндері Арал ауданында Республикалық ақпараттық-түсіндірме тобының мүшесі, теолог Бақтияр Есенгелдіұлының қатысуымен бірқатар маңызды іс-шаралар ұйымдастырылды. Бұл шаралар Арал аудандық қоғамдық даму бөлімінің «Арал ауданы көлемінде діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуға бағытталған насихаттық шараларды ұйымдастыру» әлеуметтік жобасы аясында және «Асыл Мұра-Орда» қоғамдық қорының қолдауымен өтті.

Іс-шаралардың негізгі мақсаты – өңір тұрғындары арасында діни сауаттылықты арттыру, жастарды радикалды ағымдардың ықпалынан сақтау және қоғамда бейбітшілік пен тұрақтылықты нығайту.

Аталған кездесулер төтенше жағдайлар бөлімі, аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері, жастар және аудан тұрғындарының қатысуымен өтті. Теолог Бақтияр Есенгелдіұлы қатысушыларға жат ағымдардың қоғамға тигізетін зияны, деструктивті идеологияның таралу жолдары және одан сақтану тәсілдері туралы кеңінен түсіндіріп берді.

Шара барысында тұрғындар көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, ашық пікір алмасуға мүмкіндік алды. Осындай түсіндірме жұмыстары аудандағы діни тұрақтылықты сақтау мен жастарды рухани тұрғыда қолдауға бағытталған нақты қадамдардың бірі болып табылады.

Іс-шара соңында қатысушылар ұйымдастырушыларға алғыстарын білдіріп, мұндай кездесулердің маңыздылығын атап өтті.

Оқи отырыңыз...

Түркістан облысында мақта жинау науқаны басталды

10.09.2026

Қазақстанда алты жылда 31 мың шақырым автомобиль жолы қайта жаңғыртылып, жөнделді

10.09.2026

Шығыс Қазақстан облысында балық өңдеу кешені салынады

10.09.2026

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.