Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Жаңалықтар

Цифрлық активтерге қатысты істерді тергеу кезінде жаңа сараптамалық зерттеу қолданылмақ

24.09.2025
Еліміздің Сот сараптамалары орталығы зертханалық базаны жаңартумен қатар әдістемелік әлеуетті дамытуды да назардан тыс қалдырмайды. Қазір цифрлық активтердің айналымы мен қаржы ағындарына, сондай-ақ ар-намыс пен қадір-қасиетті қорлау белгілеріне қатысты объектілерді сараптамалық зерттеу жүргізуге арналған жаңа әдістемелік жобалар әзірленуде. Бұл туралы ҚР Әділет министрлігі Сот сараптамалары орталығының директоры Бақытжан Байтілесов ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында айтты.

Олардың алғашқысы – цифрлық активтерге қатысты істерді тергеу барысында айналым көлемін белгілеуге, сондай-ақ ақша қаражаты мен олардың баламаларының айналымын анықтауға арналған. Бұл әдістеме цифрландыру жағдайында экономикалық қылмыстарды тергеуде бірыңғай әрі ғылыми негізделген тәсіл үшін принципті маңызға ие.

«Мемлекет басшысы өз Жолдауында киберқылмысқа, оның ішінде кибералаяқтыққа қарсы белсенді күрес жүргізудің  қажеттілігін, сондай-ақ осы салада тергеу жүргізетін мемлекеттік органдардың құзыреттерін арттырудың маңыздылығын ерекше атап өтті. Осыған орай, жаңа әдістеме залалды есептеу дәлдігін едәуір арттырып, соның нәтижесінде істерді сотта қарау кезінде дәлелдемелік базаны нығайтуға мүмкіндік береді», – деп мәлімдеді Орталық басшысы.

Екінші әдістеме ар-намыс пен қадір-қасиетті қорлау белгілерін қамтитын объектілерге сот-сараптамалық зерттеу жүргізуге бағытталған. Оның енгізілуі мұндай фактілерді бағалаудың объективті құралына айналады. Бұл медиа кеңістіктегі құқық бұзушылықтардың көбеюі жағдайында аса маңызды.

Оқи отырыңыз...

Түркістан облысында мақта жинау науқаны басталды

10.09.2026

Қазақстанда алты жылда 31 мың шақырым автомобиль жолы қайта жаңғыртылып, жөнделді

10.09.2026

Шығыс Қазақстан облысында балық өңдеу кешені салынады

10.09.2026

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.