Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Аймақ жаңалықтары

Жетісу облысындағы Қызылағаш су қоймасының реконструкциясы аяқталды

24.09.2025
Биыл Жетісу облысындағы Қызылағаш су қоймасының реконструкциясы аяқталды. Нақтырақ айтқанда, су тасқыны үшін пайдаланылатын су жіберуге арналған канал нығайтылып, су қабылдайтын жаңа торап салынды, деп хабарлайды ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі.

Сонымен қатар заманауи бақылау датчиктері орнатылып, автоматтандырылған мониторинг жүйесі мен жергілікті хабарландыру жүйесі енгізілді. Сыйымдылығы 42,6 млн текше метр болатын су қоймасының реконструкциясы 6 680 гектар егістік алқабын сумен тұрақты қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.

«Мемлекет басшысы еліміздің су шаруашылығы инфрақұрылымын жаңғырту міндетін қойған болатын. 2023 жылы жүргізілген гидротехникалық нысандарды түгендеу нәтижесінде су саласын дамытудың кешенді жоспары әзірленді. Ол 160-тан астам іс-шараны қамтиды. Соның ішінде 42 жаңа су қоймасын салу және 37 жұмыс істеп тұрған нысанды реконструкциялау жұмыстары бар. Қызылағаш су қоймасын реконструкциялау жергілікті тұрғындарды су тасқынынан қорғап, Жетісу облысының ауыл шаруашылығын дамытуға серпін береді», – деді су ресурстары және ирригация вице-министрі Ерболат Ибрайханов.

Оқи отырыңыз...

Түркістан облысында мақта жинау науқаны басталды

10.09.2026

Қазақстанда алты жылда 31 мың шақырым автомобиль жолы қайта жаңғыртылып, жөнделді

10.09.2026

Шығыс Қазақстан облысында балық өңдеу кешені салынады

10.09.2026

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.