Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Аймақ жаңалықтары

ЖАҢАҚОРҒАН ЖОЛДАРЫ ЖАҢАРУДА

23.09.2025

Жаңақорған кентінде тұрғындардың көптен күткен игілікті іс – көшелерді асфальттау жұмыстары жүйеленіп, бірқатар аумаққа жаңа жол төселді.

Тегіс те сапалы жолдар елдің еңсесін көтеріп, халықтың көңіл-күйіне серпін береді. Биыл аудан орталығындағы жалпы құны 807,3 млн теңгеге 4 көшеге күрделі жөндеу жүргізілді. Атап айтсақ, Т. Құлымбетов, Т. Әбенов, П. Өрғараев, Б. Ысқақов көшесінің (Әлімкөлден Ы.Алтынсарин көшесіне дейінгі) жолы жаңартылды.

Сондай-ақ, Қ.Жарқынбекұлы көшесінде орташа деңгейде жөндеуге 112,5 млн.теңге қаражатқа жұмысы аяқталды. Биыл жыл аяғына дейін Б. Байкенжеев көшесі абаттандырылады. Сондай-ақ, Хорасан Ата көшесінің де заманауи келбеті жаңармақ.
Жаңақорғандықтар үшін бұл – кенттің көркі мен абыройын арттыратын қуанышты жаңалық. «Жолы түзелген елдің – тұрмысы түзеледі» демекші, бүгінгі атқарылған іс – ертеңгі жарқын болашақтың кепілі.

Жаңақорған жаңа келбетке еніп, көшелері кеңейіп, жарық шамдары жарқырап, заманауи талаптарға сай болуы ең алдымен Президентіміздің тапсырмасына сәйкес, Үкіметтің, облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың елге деген қамқорлығы мен аудан әкімі Мажит Самитов әр істі ниянақты орындап, халықшыл ниетінің жарқын жемісі.

Айта кету керек, биылғы жылы 17 елді мекендегі жалпы ұзындығы 55.7 шақырымды құрайтын 36 көшені жөндеуге облыстық және аудандық бюджеттен 3.8 млрд теңге бөлініп, жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бүгінде аудандық маңыздағы 192 шақырым жолдың қанағаттанарлық деңгейі 96,4 пайыз болса, жөндеу жұмыстары аяқталған соң көрсеткіш 98,4 пайызға жоғарылайтын болады.

Оқи отырыңыз...

Түркістан облысында мақта жинау науқаны басталды

10.09.2026

Қазақстанда алты жылда 31 мың шақырым автомобиль жолы қайта жаңғыртылып, жөнделді

10.09.2026

Шығыс Қазақстан облысында балық өңдеу кешені салынады

10.09.2026

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.